Қоғам • 24 Мамыр, 2019

Көз дәрігерлерінің тәуелсіз қоғамы алғашқы конференциясын бастады

1194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық дәрігерлердің біліктілігі мен білім деңгейін арттыру және тәжірибемен алмасу мақсатында Офтальмологтардың тәуелсіз қоғамы алғаш рет конференция өткізуде.

Көз дәрігерлерінің тәуелсіз қоғамы алғашқы конференциясын бастады

Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің өзіндік басқару органдарына маңызды рөл берілген. Оған қоса Денсаулық сақтау министрлігі өкілеттігінің бөлігін үкіметтік емес кәсіби қауымдастықтарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан бұл конференция осындай қайта форматтау үдерісінің бір қыры болып табылады. Өйткені кез-келген қауымдастықтағы жұмыстың негізгі басымдығы медициналық көмектің сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Бүгін Алматыда халықаралық мамандардың қатысуымен «Жасына қарай ұқсас көз аурулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Екі күнге созылатын іс-шараны «Қазақстан офтальмологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Конференция жұмысына бүкіл Қазақстанның бейінді мамандары, отандық клиникалар мен таяу және алыс шетелдегі клиникалардың жетекші спикерлері қатысып отыр. Сонымен қатар шеберлік сыныптар көрсетілетін болады.

Көз ауруларын диагностикалау әдістері үнемі кеңейтіліп, емдеу тәсілдері жетілдіріліп тұрады. Әлбетте, конференция аясында жаңа медициналық құрал-жабдықтар көрмесі қатар өтіп жатыр.

Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей) И.П.Павлов атындағы АСПММУ офтальмология кафедрасының профессоры Ю.Тахтаев, Санкт-Петербургтегі «Көз микрохирургиясы»  САҒТК директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, профессор И.Панова, Қазақстан, Алматыдағы ҚазКАҒЗИ басшысының ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Алдашева сынды отандық және шетелдік жетекші дәрігерлер өз баяндамаларын оқыды.

Екі күндік конференцияда офтальмологияның ең өзекті мәселелері, түрлі көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері,  сондай-ақ емдеу үдерісінің сапасы мен қарқындылығын бақылау тәсілдері талқыланады. Мұның барлығы әлемдік стандарттарға сай келетін емдеу-диагностикалық іс-шараларды жетілдіру және халыққа жоғары сапалы офтальмологиялық көмекті көрсету үшін жасалып жатыр.  Бұл, ең алдымен көру қабілетін сақтауға және өмір сапасын жақсартуға күресуде отандық мамандар мен әлемдік офтальмология қауымдастығының күштерін біріктіруге бағытталғаны сөзсіз.  

Еліміздің барлық өңірінен жиналған штаттан тыс офтальмологтар қатысатын Қазақстан офтальмологтар қоғамының қызмет мәселелері жөніндегі кеңес  Конференция шеңберіндегі маңызды оқиғалардың біріне айналмақ.

Сонымен қатар, конференция аясында бірнеше шеберлік сыныптар өткізу жоспарланған, оның ішінде глаукома дренаждарын импланттау отасы да бар.

Конференция түрлі мемлекеттердің офтальмологтары арасында тәжірибемен, ой-пікірмен, жаңалықтармен алмасудың ақпараттық алаңына айналады, бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, офтальмологиялық ғылым мен тәжірибенің түйткілді мәселелерін шешуге ықпалдасатын болады.

               

АЛМАТЫ