Шығыс ертегілерін сүйіп оқитын оқырман үшін «Аладдин» ертегісіне деген қызығушылық бір сәт те бәсеңсіген емес. Әйгілі «Мың бір түн» жинағына енген айтулы хикаяның даңқы жылдар алға жылжыған сайын тіпті асқақтап, тек араб елінің емес, жаһанға ортақ жауһарға айналып үлгергені қашан!

«Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасы аясында Disney өнімдерін қазақ тілінде дубляждау жұмысы елімізде 2011 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында барлығы 29 фильм қазақша сөйлепті. «Аладдин» де сөзсіз сол үздіктердің қатарында.
Балдырғандардың сүйікті кейіпкерлерін қазақша сөйлетуге отандық кино мен театрдың жетекші актерлері тартылыпты. Атап айтар болсақ, Аладдин бейнесін Жастар театрының жас актері Айсұлтан Жәлиев қазақшаласа, Жасмин ханшайым талантты актриса Шехназа Қызыханованың үнінде қазақ көрерменіне жол тартты. Ал Жынды белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин, Жаффарды – Нұрлан Әлімжан, Сұлтанды – Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов дыбыстады. Дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев, музыкалық редактор – Әнел Токирова.
Бұған дейін жүзеге асқан жұмыстармен салыстырғанда фильмді дыбыстаған актерлер үшін «Аладдиннің» жауапкершілігі де, салмағы да зор болған сыңайлы. Өйткені шығармашылық жұмыс барысында олардың актерлік шеберлігінен бөлек, вокалдық мүмкіндіктері де сынға түсіпті. Музыкалық түрлі жанрдың басын біріктірген таңғажайып ертегінің біраз сарсаңға салғанын өнер иелерінің өздері де жасырмады:
– Дубляж – актердің жан-жақтылығы, әмбебаптылығы сынға түсетін күрделі сала ғой. Бұл туындыда ең көп сөйлейтін де, жиі дауыс құбылтып, түрлі кейіпке енетін де менің кейіпкерім. Жынның әр әрекеті, қимылы мен үшін жекелей театр болды. Тыңғылықты ізденісті талап етті. Өйткені өздеріңіз куә болғандай, фильмде Жын рэп те оқиды, лирикалық әндерді де кеңінен көсіле шырқайды. Бір амплуадан екіншісіне ауысу үшін актердің дауысы да, ішкі актерлік дайындығы да мықты болуы қажет. Осы тұрғыдан келгенде, «Аладдин» – мен үшін тамаша мектеп болғаны анық», дейді актер Дәурен Серғазин.
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар