20 Сәуір, 2013

Жұмысыңды жалғастыруға мол мүмкіндік

265 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жұмысыңды жалғастыруға мол мүмкіндік

Сенбі, 20 сәуір 2013 0:52

Қазір заман жақсарды, тұрмыс түзелді. Ынталы адамға жұмыс та табылады. Соған орай зейнет жасына өзгеріс енгізудің артығы болмайтын шығар. Әсіресе, әйелдердің зейнет жасын ұзарту жөніндегі жаңа заң жобасына үмітпен қарайтындар көп. Өзімді де сондайлардың қатарындамын деп ойлаймын. Өйткені, әлі де жұмыс жасауға ынталымын. Мұның түрлі себебі бар. Біріншіден, зейнетақы қорында жинақталған қаржымның мөлшері соншалықты көп емес еді. Зейнетақы қорындағы қаржымның мөлшерін молайту үшін жұмыс жасай бергенді қалаймын. Екіншіден, балаларым әлі аяқтана қойған жоқ. Ал олар үйленіп, тұрмыстарын жақсартқанша ата-ананың көмегі ауадай қажет болады ғой.
Шындығында, әйелдердің де жұмыс жасай беруіне мүмкіндік жасаған дұрыс.

Сенбі, 20 сәуір 2013 0:52

Қазір заман жақсарды, тұрмыс түзелді. Ынталы адамға жұмыс та табылады. Соған орай зейнет жасына өзгеріс енгізудің артығы болмайтын шығар. Әсіресе, әйелдердің зейнет жасын ұзарту жөніндегі жаңа заң жобасына үмітпен қарайтындар көп. Өзімді де сондайлардың қатарындамын деп ойлаймын. Өйткені, әлі де жұмыс жасауға ынталымын. Мұның түрлі себебі бар. Біріншіден, зейнетақы қорында жинақталған қаржымның мөлшері соншалықты көп емес еді. Зейнетақы қорындағы қаржымның мөлшерін молайту үшін жұмыс жасай бергенді қалаймын. Екіншіден, балаларым әлі аяқтана қойған жоқ. Ал олар үйленіп, тұрмыстарын жақсартқанша ата-ананың көмегі ауадай қажет болады ғой.
Шындығында, әйелдердің де жұмыс жасай беруіне мүмкіндік жасаған дұрыс. Ал бұған жол ашатын жаңа заңның маңызы айрықша. Себебі, осы заң негізінде Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың тиімді тұстары қаралған. Мұндай қадамға әлемдегі көптеген елдер барып отыр. Мәселен, ТМД құрамындағы елдер ішінен зейнетке шығу мерзімі Арменияда – 63 жас, Грузия мен Молдовада 60 жас екен ғой. Осы елдердегі әйелдер осынша жасқа дейін жұмыс жасап жүргенде, бұл біздің қолымыздан келмей ме? Өзге елдердегі нәзік жандылардан Қазақстан әйелдерінің несі кем?

Жалпы, зейнет жасын ұлғайту мәжбүрлі сипатта болмайтынын біліп отырмыз. Рас, кей замандастарымыз бұл мәселеге бастапқыда үрке қарағанмен, түптеп келгенде, кейінгі буын үшін жаңа заңның тиімді жақтары барына көңіл аударған жөн. Бұл заңды әзірлеу барысында АҚШ, Канада, Франция, Италия, Германия, Дания, Нидерланд, Финляндия, Швеция сынды мемлекеттердің тәжірибелерінің біз үшін неғұрлым тиімді тұстары ескерілді деп ойлаймын.
Бұл заңның ерекшелігі сол, зейнет жасы бірден ұлғайтылмайды. Зейнетке шығу кезінде жылына 6 айдан қосыла отырып, он жылда жүзеге асырылады екен. Мұны өте дұрыс шешім деуге болады. Өйткені, осы кезде зейнетке шығып алып, әлі де жұмыстан қалмай жүргендерді білеміз ғой. Кей адамдар 60 жасты айтпағанның өзінде, тіпті 70 жасқа дейін жұмыс жасағанды қалайды. Сол себептен болар, зейнет жасын ұлғайту әдісін тек біздің еліміз ғана емес, өзге елдер де қолданып келеді. Дәлел үшін айтар болсақ, Оңтүстік Кореяда әйелдер үшін зейнет жасын (65 жасқа дейін) арттыру 20 жыл бойы, Францияда 62 жасқа дейін арттыру 8 жыл ішінде, Украинада 60 жасқа дейін ұлғайту 10 жыл ішінде жүзеге асырылатыны, бізде де осындай әдіс қолданылып, өз жемісін беретіні дау тудырмайды.
Әсима АХМЕТҚАЛИЕВА, 
коммуналдық 
сала қызметкері. 
Атырау облысы.