Қарағанды қаласының іргесіндегі Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті. Шараға Қарағанды облысының әкімі, Украина, Чехия, Корея және Румынияның Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ Қырғызстан, Франция, Иран және Жапония елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Митингте сөз алған облыс басшысы Ерлан Қошанов қаскөй жүйенің жазықсыз құрбандарын еске алу үшін Қарағанды жеріне арнайы келген қауымға алғыс сезімін жеткізді.
– Адамзат тарихындағы айтып жеткізгісіз қасіреттің осында тұрған әрбір адамға қатысы бар, сол себепті де біздің тарихымыздағы бұл қайғылы кезеңді ұмытуға еш қақымыз жоқ. Сол кездегі зұлматтан Қазақстанның көрнекті қайраткерлері де жазықсыз жапа шекті, құрбан болды. Олардың арасында биыл туғанына 125 жыл толатын біздің жерлесіміз Сәкен Сейфуллин де бар. Ақынның және сол қасіретке толы дәуірдің барлық құрбандарының рухы мәңгі есте сақталады, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, митингте сөз сөйлеген Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсик жыл сайын осы жерге келіп, құрбандарды еске алу шарасына қатысуды дәстүрге айналдырғанын айтты.
– Әрине, зұлмат жылдардың өрті корей халқын да шарпып өтті. 1937 жылы Қазақстанға 500 мыңға жуық корейлер зорлықпен көшірілген екен. Сол кезде олар құрған корей диаспорасы күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Мен олармен байланысты үзген емеспін және олардың арасында мақтан етуге тұрарлық адамдар көп, – деді елші мырза.
Митингте саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың бүгінгі ұрпақтары да ата-бабалары туралы естеліктерімен бөлісті. Солардың бірі, зұлмат құрбаны Зиявд Досаевтың ұрпағы айтқан әңгіме жұртты бей-жай қалдырмады.
– Менің ата-анамды Осакаров ауданының Пионерское ауылына жер аударған. Ол уақытта елді мекенде тұратын гректер, Кубан казактары, немістер, шешендер, ингуштардың бәрі қуғынға ұшырағандар санатынан болатын. 1952 жылы мен мектепке бардым. Әлі есімде, Сталин қайтыс болған кезде жыламағаным үшін мектепте мені таяқпен сабаған еді. Мұның бәрі, әрине, өткен күндер. Құдайдан енді ондай қасірет қайталанбасын деп тілейміз. Мен қазір бейбіт Қазақстанда тұрып өмір сүріп, ашық аспан астында балалар мен немерелерімізді тәрбиелеп жатқанымызға қуаныштымын, – деді ол.
Еске алу шарасына қатысқан облыстың бас имамы, Қарағанды және Шахтинск епархиясының хатшысы, грек-католик епархиясының бас викарийі сталиндік қуғын-сүргін кезінде қаза тапқан адамдардың рухына дұға етті. Митингтің соңына таман мемориалдық кешендегі 28 мемлекеттің атынан орнатылған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Еске салсақ, Спасск кентінде 1930-50 жылдары КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының бөлімшелері, әскери тұтқындарға және қамауға алынғандарға, сонымен қатар КСРО-ның қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарына арналған лагерь орналасты. Мұрағат мәліметтері Спасск зиратында 50-ден астам ұлт өкілін құрайтын 5 мыңнан астам адам жерленген деген деректі алға тартады.
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ерлан Қошанов: Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет
Үкімет • Бүгін, 08:05
Қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыспен тең
Үкімет • Бүгін, 08:03
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 08:00
Жастар экология тақырыбын қаузайды
Экология • Бүгін, 07:52
Семей қаласының гербі бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 07:47
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазақстан • Бүгін, 07:45
Спорт • Бүгін, 07:42
Спорт • Бүгін, 07:40
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар