Театр • 01 Маусым, 2019

Өзбектің Ұлттық академиялық драма театры «Абайды» сахналады

1353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жыл – бабалар аманаттап кеткен қазақ және өзбек бірлігін бүгінгі ұрпақтың сақтап, тереңдете түсуіне және екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы мәдени жылы ресми түрде ашылып, бекітілгені белгілі. Осыған орай көрші өзбек елінде қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау барысында бірқатар игі жұмыстар қолға алынған болатын. Белгіленген игі шаралардың шеруі театрдан бастау алды.

Өзбектің Ұлттық академиялық драма театры «Абайды» сахналады

Мәдени жылдың аясында өзбектің Ұлттық академиялық драма театрында Мұхтар Әуезовтің шығармасы негізінде Марат Азимовтың режиссерлігімен сахналанған «Абай» спектаклінің премьерасы болып өтті.  Спектакльдің суретшісі – Бахтиер Тураев. Әйгілі қазақ ақыны Абайдың қарама-қайшылықтарға толы өмірі негіз етіп алынған бұл спектакль оқиғалары сахнада өзіне тән режиссерлік және арнайы заманауи техникалық тәсілдермен байытылған.

Абай рөлін Өзбекстанның халық әртісі Яқуб Ахмедов орындаған. Өзбек басылымдарының ақпаратына сүйенсек, Ұлттық академиялық драма театрының репертуары тағы бір жақсы спектакльмен толыққан.