Қоғам • 04 Маусым, 2019

Күрт жиілеп кеткен ажырасулардың ар жағында не жатыр?

1236 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында әлеуметтік қолдау шаралары төңірегінде келеңсіз жайттардың да белең алғанына назар аударып, ақша үшін ажырасулардың көбейгенін жазды. Бұл тақырып «Егеменнің» бетінде де көтеріліп, ажырасулардың себеп-салдарына үңілген сараптамалық мақалалар жарияланғаны белгілі. Біз осы мәселеге қайыра үңілгенді жөн көрдік.

Күрт жиілеп кеткен ажырасулардың ар жағында не жатыр?

Мемлекет басшысы сол жазбасында Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырып, «АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы» екенін атап көрсеткен еді.

«Адам ниетінен табады» деген сөз ақиқат болса керек. Осыдан біраз жыл бұрын сы­­рал­­­ғы кісілер әлеуметтік жеңіл­­­дік­пен жылдамдатып пә­тер ал­мақшы болып, жал­ған ажы­­рас­қан болатын. Шын­дап келгенде, олардың студент кезінде әкелері сатып әпер­ген үйлері болды. Бірақ өз ат­тарына ресімдел­меген соң, ай­лаға салып тездетіп тағы бір пәтер алып, жалға бе­ріп қойып қосымша табыс таппақшы болды. Алдымен олар әрине, ажырасты. Әйелі «жал­ғызбасты ана» ретінде пәтер­лі болуға жақындаған кезде олар­дың осы қулықтарының «сце­нариін» жазысып, тиісті мекемелер арасына делдал болып жүр­гендер екеуінің біраз жылдан бері тұ­рып жатқан үйлерін күр­делі жөн­деуден өткіземіз деп жи­наған бүкіл қаражатын алып, зым-зия жоғалды. Ал бұл кез­де олар заңды түрде ажыра­сып үл­герген-ді. Пайда табамын деп жүргенде, керісінше, кісінің қо­лын­да кеткен қомақ­ты ақша, ұрыс-керіс, бірін-бірі айып­таулар ақы­рында екеуін шындап ажыратты.

Осы арада мұндай айла Ке­ңес өкіметі тұсында кездесіп отыр­ғанын білеміз. Алайда, онсыз да өзінің заңды құжатына, тиесілі несібесіне салақтау болса да ардан аттамаған, пиғылы бұзылмаған біздің қандастарымыз көп барған жоқ.

Әрине сананы тұрмыс билей­тінін ешқашан жоққа шығаруға болмас. «Дәметпестен дәмету – то­рыққанның салдары...» деген­дей, соңғы кезде «21 мың тең­гелік атаулы әлеуметтік жәр­дем­ақы алу үшін ажырасып жат­­қандар көбейіп кетіпті. Кәрі ата-анасымен де іргесін ажыратып, қараусыз қалдырып кетіп жат­қандар да бар екен...» деген әңгіме желдей есіп тұр. Бұл көп балалы отбасылар жаппай жалған ажырасуға көшті де­генді білдірмесе де, мұндай келең­сіздіктер орын алып тұрғанын жоқ­қа шығаруға болмайды.

Кейін де осыған ұқсас оқиғаларды ара-тұра болса да құлақ естиді ғой. Бірде келесі бір танысымыздың баласы мен келіні осы әдіспен үйлі болсақ қайтеді дегенде, шаңырақта отырған шешелері қандай қиыншылық көрсе де аштан өлмегенін, көштен қалмағанын айтқан болатын.

Осы арада мұндай айла Кеңес өкіметі тұсында кездесіп отырғанын білеміз. Алайда, онсыз да өзінің заңды құжатына, тиесілі несібесіне салақтау болса да ардан аттамаған, пиғылы бұзылмаған біздің қандастарымыз көп барған жоқ.

Әрине, сананы тұрмыс билейтінін ешқашан жоққа шығаруға болмас. «Дәметпестен дәмету – торыққанның салдары...» дегендей, соңғы кезде «21 мың теңгелік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу үшін ажырасып жат­қандар көбейіп кетіпті. Кәрі ата-анасымен де іргесін ажыратып, қараусыз қалдырып кетіп жатқандар да бар екен...» деген әңгіме желдей есіп тұр. Бұл көп балалы отбасылар жаппай жалған ажырасуға көшті дегенді біл­дір­месе де, мұндай келеңсіздіктер орын алыМәселен, осы күндері stan.kz ақ­парат агенттігі қазағы қалың оңтүстік өңірдегі Otyrar басылымына сілтеме жасай отырып, «Шымкенттік соттарға түсетін ажырасу туралы өтініштердің легі толастар емес. Көптеген көп балалы отбасының ажырасуға бел бууының себебі – атаулы әлеуметтік көмекті алу деген ақпарат таратты.

«Шымкентте көп балалы аналар сот ғимараттарына ағылып, ажы­расуға өтініш беруде. Ал әке­лер мемлекеттен көмекке қол жеткізу үшін балаларынан бас тартып жатыр. Қаладағы Ең­бекші аудандық сотының судьясы олардың мұндай әрекетінің се­бебін түсіндіріп берді.

«Адамдар ажырасып, әкелік­тен бас тартуда. Аптасына 10-15 өтініш түседі. Біз олармен сөй­лесіп, көбісінің мақсаты атау­­лы әлеуметтік көмекке қол жеткізу екенін анықтадық. Әкелік­тен бас тарту процесі қайтымсыз екенін түсіндіреміз. Сонда ғана жартысынан көбі өтінішін қайтарып алады», дейді судья Қайрат Із­басаров» делінген бұл хабарда.

Сондай-ақ әлеуметтік көмек үшін алаяқтыққа жол бермеу мә­се­лелеріне орай Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Бердібек Сапарбаев та кеңес өткізгенінен ел хабардар болып отыр. Бұл жиында АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әре­кеттерді болдырмауға бағыт­талған бірқатар нақты ұсыныс әзірленген. Расында да, әр ба­ланың өз несібесі бар екенін ес­керсек, әлі де бұл атаулы жәр­дем­ақыны тағайындауда пысық­тайтын, ойласатын тұстар табылады.

Қысқасы, кеңес барысында министр Бердібек Сапарбаев «Ел Президенті Қасым-Жомарт То­қаев Үкімет пен Президент Әкім­шілігіне алаяқтықты тоқ­тату үшін цифрландыруды же­дел­детуді тапсырды. Біздің мін­детіміз – атаулы әлеуметтік кө­мек тағайындау кезінде то­лық заңдылықты сақтау үшін бар­лық мүдделі мемлекеттік орган­дардың үйлесімді жұмысын қыс­қа мерзімде ұйымдастыру», деп атап өтті, дейді министрліктің бас­пасөз қызметі.

Арнайы кеңесте аз қамтылған азаматтарға АӘК тағайындау және төлеу, оның ішінде өтініш беру­шілердің жәрдемақыға берген мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың деректер қорын өзектендіру және одан әрі интеграциялау, ауылдық жерлердегі байланыс каналдарын кеңейту, сондай-ақ жалған ажырасуға жол бермеу секілді өзекті мәселелер талқыланған.

Сондай-ақ министрдің орын­басар­ла­рының жетекшілігімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орталық ап­паратының қызметкерлері жер­гілікті жерлердегі барлық ре­сімдердің заңдылығын ба­қылау үшін өңірлерге баратын болып отыр. Ал біз өз тарапымыздан Үкі­мет көп балалы отбасыларды демеуде тек оң­ды, адамгершілікке құрылған қа­дамдарға баратынына сенеміз. Өйткені ел – біреу, өсіп келе жатқан ұрпақ – ұлттың орт­ақ байлығы, ортақ баласы.

Ал жалған ажырасуларға келетін болсақ, белгілі дінта­нушы имам Нұрлан қажы Бай­жігітұлы: «...Дінімізде қалжың мен ойынның араласуына қатаң тыйым салынған тұстар бар. Олар – әуелі адам тағдырын тәл­кек ететін амалдар. Солардың ал­дыңғы тізбегінде неке, ажырасу және уәде тұр. Некелілердің қан­дай мақсатта болсын ажырасуды ойға алып, ауызға түсіруі Жарат­қанның ашуын келтіріп, аспан әлемін дүрліктіреді, шайтанды қуантады. Жасырын неке қию күнә болғаны сияқты, сырт көз үшін ажырасу да харам іс. Ойнаймын деп от басып, жары жанында бол­са да өзін жалғызбастылыққа бұ­ғаттаған адам түбінде соған ұрынады. Ниет пен тілек ауыздан шыққаннан кейін атылған оқ­тай, дұға болып өзіне қайтады. «Періштелер әумин деді» деген осы! Осындай көзбояушылықпен адамның басына дүние бітсе де оған ол бақыт әкелмейді, үрім-бұтағына дарымайды. Сондықтан болар, жеңілдің асты, ауырдың үстіне жайланған кейбіреулер белгілі бір мүддесін жүзеге асыру үшін заңды белден басып, басқа да адамдардың ақысын мойнына жүктеп жатқандығынан өздері бейхабар. Осы жолмен келген дүние мен мал-мүлік кімге де болсын қасірет. Себебі айлакер алданған адамға зорлық-зомбылық көрсетіп, ақысын жеген болады. Ал ол ақының сұрауы бар», дейді.

Сөз соңында айтарымыз, бұл мақала әлеуметтік көмек алу үшін жұрт­тың бәрі жалған ажыра­сып жатыр дегенді білдірмесе де, мұқтаждықтан орын алып отыр­ған оқиғалардың бар екеніне көз­ді жұмып қарауға болмайтынын аңғартады. Дегенмен жәрдемақы тағайындауға кеткен түйткілдер сарапқа салынып, тарқатылып, тәуелсіз елдің бесігінде тербетілген әрбір ба­ла несібесіз қалмайтындай ше­шімдер қабылданатынына се­нейік.

Туған бала да өсер, же­тімдер де жетіледі. Ал уақытша игілік үшін иманды сатып, отбасын ойыншыққа айналдырмайық. Шаңырақтан қастерлі, босағадан биік, ауызбіршіліктен жоғары не бар, ағайын?!

 

АЛМАТЫ