Спорт • 12 Маусым, 2019

Жанкүйерлерді желпіндірген жеңіс

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше елордада Еуро-2020 іріктеу турының І тобындағы төртінші кездесуі аяқталды. Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдады.

Жанкүйерлерді желпіндірген жеңіс

Бас бапкер Михал Билектің бастапқы құрамына қарап, алдын ала болжам айту да қиын еді. Әуелі Асхат Тағыберген, Абай Айымбетовке мүмкіндік берілді. Алғашқы минуттан бастап алаң иелері тізгінді берік қолға алды. 11-минутта Ян Вороговский қапталмен шабуылдап, атқан оқтай соққы жасады. Бұл доп қақпашының қолына тікелей барып түсті. Оның ізін ала Бауыржан Ис­ламханның бағыттаған соқ­қысы бұрыштама добын соғуға себепкер болды. Алайда қуатты үш соққы да дарымай, Элиа Бенедеттини командасын қорғап қалды.

Тайм ортасында алаң ие­лерінің шабуы­лы бә­сең­сіге­німен, бірқа­тар мүм­кіндік бол­ды. Таймның соңғы минутында ғана Исламбек Қуат­тың ашқан есебімен командалар үзіліске тарады. Екінші тайм қонақтардың шабуылымен басталғанымен, одан ештеңе шықпады. Қаза­қстан ой­ыншылары Ғафуржан Сүйімбаев пен Асхат Тағы­­бергеннің әу бастағы тама­ша соққылары нәтиже бер­ме­­ге­німен, Дмитрий Шом­ко­ның Мак­сим Фединге асы­р­ған пасынан бастап отан­­дастарымыз қарсылас команда қақпашысын бірнеше мәрте қапыда қалдырды. Ба­сымдықты толығымен қолға алған қазақстандықтар ойын соңында Б.Исламханның тамаша соққысымен кездесуді түйіндеді.

Аталған жеңістен кейін Қазақстан 6 ұпай еншілеп, топта үшінші орынға көте­рілді. Алғашқы орынды Бель­гия (9 ұпай), екінші орынды Ресей (6 ұпай) еншіле­ді. Шотландияның да қоржы­нын­да 6 ұпай бар. Олар төр­тінші орынға тұрақтаса, Кипр бесінші сатыға табан тіреп, тізім соңында Сан-Марино ко­мандасы қалды.


Еуро-2020 іріктеу турнирі. 4-тур

І топ

Қазақстан – Сан-Марино – 4:0

Голдар: Қуат – 45 (1:0), Федин – 62 (2:0),

Сүйімбаев – 66 (3:0), Исламхан – 79 (4:0).