20 Маусым, 2019

Балалар құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

421 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партия хатшысы Тамара Дүйсенованың төрағалық етуімен Балалар құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Балалар құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

     Кездесуді ашқан партия Хатшысы қатысушыларды «Nur Otan»-ның XVIII съезінде Елбасы жариялаған «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша Республикалық кеңестің жұмысының негізгі нәтижелерімен таныстырды.

     Оның айтуынша, партиялық жобаны іске асыру үшін Жол картасы дайындалып, онда отбасылар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсарта түсу мақсатында жаңа әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар қарастырылған.  Сондай-ақ ол сенімді заңдық қорғауды қамтамасыз етеді. «Nur Otan» партиясының Хатшысы партия жанынан құрылған Балалар құқын қорғау жөніндегі кеңестің ең ірі консультативтік-кеңестік алаңдардың біріне айналғанына баса назар аударды. – Күн сайын біздің жұмысымызға ат салысқысы келетін жақтастарымыздан өтініштер түсіп жатыр. Қазірдің өзінде кеңеске 50- ден астам ҮЕҰ кірді. Балалардың проблемасына байланысты бірге жұмыс істегісі келетін белсенділердің құлшынысы азаматтық қоғамның дамып жатқаны және жалпыұлттық міндеттерді шешуге қазақстандықтардың қатысқысы келетінін аңғартады.  Қоғамда тек бірігіп қана бәріміздің ортақ мақсатымыз – өскелең ұрпақтың игілігіне қол жеткізе аламыз деген түсінік қалыптасты, - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

    Кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева Жол картасының шеңберінде меморгандар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша нақты іс-шаралардың қарастырылғанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, отбасыны қолдау жөніндегі бөлімдер мен орталықтар ашу, балаларға психологиялық қолдау көрсету қызметін дамыту, түрлі жағдайдағы тәуелділікті психологиялық әдістермен түзеу бойынша жұмысты енгізу. Сондай-ақ спикер «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жобасының нәтижелі жұмысына тоқталды.

-Екі ай  ішінде Бірыңғай әлеуметтік терезенің көмегіне 7 мыңнан астам азамат жүгінді, олардың көбісі көп балалылар. Үш мыңнан астам адамның мәселесі оңтайлы шешілді.  Оларға жұмысқа тұрғызудан бастап, балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, материалдық көмек көрсету сияқты кешендік қолдау көрсетіліп, 119 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді - деді Динара Зәкиева.

       Кеңес шеңберінде сондай-ақ бірқатар жаңа бастамалар іске қосылды. Мәселен, толық емес отбасылар үшін үйлерінде жұмыс істеу жағдайын ұйымдастыру мақсатында Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығымен бірге әйелдерді түрлі кәсіпке үйрету бойынша бастамалар іске асырылуда. «Green tal» ЖШС-мен  бірге қолайсыз отбасындағы балаларды ағаш шеберлігі  мен темір ұстасы шеберлігіне оқыту үшін әлеуметтік шеберханалар ашылуда. Ал, «Qazaqstan» телеарнасымен ынтымақтастықтың арқасында балалар мен оларды дамыту мүмкіндігі туралы хабарлар топтамасы іске қосылды.

Кеңес отырысында Шығыс Қазақстан облысындағы (аз қамтылған отбасылардағы мектеп жасына дейінгі балаларын тегін оқыту), Ақмоладағы (аз қамтылған отбасыларды арнайы әлеуметтік қамтамасыз ету) және Павлодардағы (аз қамтылған және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету) «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында атқарылған істердің оң нәтижелері қарастырылды.

Қатысушылардың пікірінше, «Nur Otan» партиясының қолдауымен Кеңестің мүшелерінің тікелей атсалысуымен  іске қосылған бірқатар тәуелсіз жобалар іске қосылды. Сонымен, Нұр-Сұлтанда Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен бірлескен «Үш күн ішіндегі бизнес» жобасы іске қосылды.

Ол әйелдерді тігін шеберлігіне оқытуды, тренинг аяқталғаннан кейін оларға тігін машиналарын ұсынуды және олардың өнімдерін өткізуді қолдауды қамтамасыз етеді. Партия мүшелері «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысының бастамасымен шалғай елді мекендерде әлеуметтік қызметтерді ашу жобасын қолдады.

Отырыс аясында балалар құқығын қорғауға арналған «Biz bolashaq urpaqpiz» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурсты «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқын қорғау жөніндегі Кеңестің қолдауымен Generation Next жастар жобасы ұйымдастырды және өткізді. Конкурсқа қатысу үшін 7 мен 18 жас аралығындағы 14 өңірдің балалары эссе мен ролик түріндегі өздерінің өтініштерін жолдады. Барлығы 137 жұмыс түсті.

Елордалық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілі. Мысалы, № 83 мектеп-гимназиясының оқытушысы Нұрсәуле Қайратқызының жұмысы үздік болып танылып, оған «Экономика» мамандығы бойынша тегін оқу үшін ҚазМЗУ ректорының гранты берілді. Қалған елордалық қатысушылар «МВА KIDS Қазақстан» Халықаралық мектебінің Кәсіпкерлік бағдарламасына арналған сертификаттарды еншіледі. Басқа облыстардың конкурсқа қатысушыларына да өңірлік деңгейде құрмет көрсетілетін болады.

Республикалық Кеңес 2019 жылдың ақпанында мемлекетіміздің Тұңғыщ Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша құрылды, тап осындай құрылымдар барлық 17 өңірде және партияның 230 аумақтық өкілдігінде әрекет етеді. Консультативтік-кеңестік орган орталық меморгандар өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, сондай-ақ қызметтері балалардың құқын қорғау мен отбасын қолдауға бағытталған қорлар мен ҮЕҰ біріктіреді.

Әр отбасының амандығы, орталық, сонымен бірге өңірлік деңгейде де балалардың құқын қорғау мен отбасыны қолдаудың негізгі стратегиялық бағыты мәселелері бойынша нақты іс шараларды пысықтау мен механизмдерді жетілдіре түсу кеңестің басты мақсаты болып табылады.