Спорт • 25 Маусым, 2019

ММА: Шавқат Рахмоновтың UFC-де күш сынасуына тамаша мүмкіндік туындап отыр

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 маусымда Нұр-Сұлтанда ережесіз жекпе-жектен M-1 Challenge 102 турнирі өтеді. Бұл жарысқа әлемнің бірқатар мемлекеттерінен келген белді спортшылар қатысады.

ММА: Шавқат Рахмоновтың UFC-де күш сынасуына тамаша мүмкіндік туындап отыр

Кештің басты жекпе-жегінің бірінде жартылай орта салмақтағы M-1 Global нұсқасының алтын белбеу иегері Шавқат Рахмонов бразилиялық Тьяго Варежао Ласердамен күш сынасады. Осы айқасты тамашалауға барша жанкүйерлер ерекше құштарлық танытып отыр. Себебі, қандасымыз жеңіске жеткен жағдайда оған осы спорт түріндегі ең белді ұйым – UFC-ге даңғыл жол ашылады. Мамандар мен жанкүйерлердің пайымдауынша, Шавқат ондай құрметке лайық. Себебі, осы күнге дейін 11 кездесу өткізген 24 жастағы қазақ спортшысы барлығында айқын жеңіске қол жеткізді. Ол бірде-бір қарсыласына бет қаратқан жоқ.

Нұр-Сұлтандағы жарыста Шавқат Рахмоновқа қарсылас атанып отырған Оңтүстік Американың оғланы да өте мықты. 29 жастағы Тьяго Варежао Ласерда 36 рет айқас алаңына шығып, 28 мәрте үстемдік танытты. 23 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. 6 рет ұтылып, 1 рет тең түсті. Тағы бір кездесудің нәтижесі есепке алынған жоқ.