Спорт • 01 Шілде, 2019

Қазақстан қоржынына екі алтын белбеу түсті

396 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында М-1 CHALLENGE 102 дүбірлі додасы өтті. Аталмыш ресейлік тұжырым Қазақстанда осымен үшінші рет жарыс ұйымдастырып отыр.

Қазақстан қоржынына екі алтын белбеу түсті

Алматыда өткен M-1 CHALLENGE 100 турнирында жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша М-1 ваканттық белбеуін жерлесіміз Шавқат Рахмонов жеңіп алған болатын. Осы жолғы сайыста кештің басты жекпек-жегінде Шавқат сол алтын белбеуін қорғап, бірінші раундта-ақ бразилиялық қарсыласы Тиаго Варежаоды техникалық нокаутқа жіберді.

Ал, сол айқастың алдында тағы бір жерлесіміз Сергей Морозов ресейлік әйгілі Шлеменко мектебінің өкілі Александр Осетровпен М-1-дің жеңілірек салмақ дәрежесі бойынша бос тұрған белбеуіне таласты. Бес раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жекте Морозовтың төртінші раундта ресейлік қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды. Сөйтіп, Қазақстан қоржынында енді екі бірдей алтын белбеу болды.

Жекпе-жек кешінде 6 қазақстандық спортшы рейджке көтерілген болатын. Соның бесеуі жеңіске жетті. Арасында жеңіске жеткен TOBET TOP TEAM клубының өкілі Сәбит Жүсіпов жеңісінен кейін жекпе-жекке дайындығы туралы айтқан болатын: «Қарсыласым испаниялық спортшы болды. Тактикалық тұрғыда көп нәрсе ойластырдым. Өйткені, дайындықтың соңғы күндері арқамды ауыртып алғандықтан тек тік тұрып жұдырықтасу керек болды. Осымен М-1-де екі жекпе-жек өткіздім. Егерде тағы да келісімшарт ұсынатын болса әрі қарай жекпе-жек өткізуге дайынмын».

Айта кетсек, М-1 CHALLANGE промоутерлік компаниясының чемпионы бір рет белбеуін қорғағаннан кейін UFC тұжырымына жол тарта алады. Енді жақын арада жерлесіміз Шавқат Рахмоновты UFC төрінен көріп қалуымыз әбден мүмкін.


Кештің барлық айқас нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:


Шавқат Рахмонов – Тиаго Варежао.

Техникалық нокаутпен Рахмонов жеңді. 1 раунд 4:50

Александр Осетров – Сергей Морозов.

Техникалық нокаутпен Морозов жеңді. 4 раунд 1:40

Нэйт Ландвер – Виктор Колесник.

Төрешілердің бірауызды шешімімен Ландвер жеңді. 5 раунд 5:00

Рубкеилтон Перейра – Раул Тутараули.

Нокаутпен Тутараули жеңді. 1 раунд 1:37

Роберт Лау – Дмитрий Микуца.

Төрешілердің бірауызды шешімімен Микуца жеңді. 3 раунд 5:00

Марсио Кабрал – Сергей Романов.

Қылқындыру әдісімен Романов жеңді. 1 раунд 4:38

Исатай Теміров – Спенсер Жебб.

Төрешілердің шешімімен Теміров жеңді. 3 раунд 5:00

Йоисланди Изкерди – Алексей Ильенко.

Ильенконың тыйым салынған жерден тепкені үшін Изкердиға жеңіс берілді. 2 раунд 0:47

Гойти Дазаев – Александр Бутенко.

Төрешілердің бірауызды шешімімен Дазаев жеңді. 3 раунд 5:00

Владимир Трусов – Руслан Шамилов.

Техникалық нокаутпен Шамилов жеңді. 2 раунд 0:46

Сәбит Жүсіпов – Аридан Ромеро.

Техникалық нокаутпен Жүсіпов жеңді. 3 раунд 1:20

Исмаил Героев – Алексей Сотников.

Қылқындыру әдісімен Героев жеңді. 1 раунд 4:40

Махир Алиев – Тахир Абдуллаев.

Қолды ауырту әдісімен Абдуллаев жеңді. 2 раунд 3:57


Азамат МӘУЛЕНҰЛЫ