Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Сирек кездесетін құстар өсірумен айналысатын кәсіпкер

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл оған мектеп қабырғасында жүр­генде ата-анасынан дарып, өсе келе хоббиге айналдырған.

Сирек кездесетін құстар өсірумен айналысатын кәсіпкер

Қазір оның құс қора­сында әлемде сирек ұшы­расатын кептердің бірнеше түрі бар. «Әрқайсысының қ­ұны бір қойға тең», деп Василий Старковтың қал­жыңдап қоятыны бар. Десе де әзіл астарында шым­­шымдай шындық жат­­қанын аңғару қиын емес. Мәселен, кептердің «салпықанат» деп аталатын түрі қарасаң көз тоймайтын әдемі. Сонысын сезетіндей өзін паң, маңғаз ұстайтынын қайтерсің! Түр­лі көрмелерге қатысып, олжа салыпты. Бір маусым­да бес-алты балапан басып шығарып, бір аптадай сүтпен қоректендіреді екен. Сүті ірімшік секілді қой­малжың болады. Бір тәуірі, кептерлердің күтімі жеңіл, азық талғамайды. Кә­сіпкердің айтуынша, ағза­сынан сүт бөлетін құс­тар санаулы ғана.

Василий декоративті кө­гершіндерден басқа бө­дене, сәндік тауық та өсі­ру­мен шұ­ғылданады. Осыдан бір­неше жыл бұ­рын оңтүстік жақ­тан екі тауыс әкеліп, биыл ал­ғаш рет жұмыртқа басып, балапан өрбітіпті. Енді қыр­ғауыл өсір­мек ойы бар.

Төрткүл дүниеде көгер­шіннің бір мыңнан астам түрі кездеседі. Өкініштісі сол, біз сияқты егде тарт­қан жандар болмаса, асыл­тұқымды құстарды өсіруге, көбейтуге жастар жағы қызы­ғушылық таныта бер­мейді. Қиынсына ма, әлде мойындары жар бермей ме, білмеймін. Менің пайымымша, қоршаған ор­таға, табиғатқа деген жана­шырлық көзқарас аң-құс­тар­ды аялаудан, мәпе­леу­ден басталады. Қаты­гез, тас­бауырлықтан жирен­діріп, бауырмалдыққа, ме­йі­рі­м­ділікке тәрбие­лейтін өзіндік мек­теп екенін ұғы­натын мезгіл жетті. Осы жағына же­те мән берілсе, құба-құп болар еді дей­ді кейіпкеріміз мә­се­ленің бір ұшығын шы­ғарып.

 

Солтүстік Қазақстан облысы