Әлем • 06 Шілде, 2019

Мемлекет басшылары Елбасын құттықтады

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

Мемлекет басшылары Елбасын құттықтады

Түркия Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі. Тараптар бауырлас екі елдің игілігі үшін Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Ресей Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен шын жүректен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және толағай табыс тіледі. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дәйекті түрде дамытуға ниеттестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Арменияның Премьер-Министрі Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен амандық тіледі. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Армения арасындағы жан-жақты қатынастарды нығайта беруге ниетті екендігін жеткізді.

Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алға қойған мақсаттарының табысты жүзеге асырылуына ниеттестік білдірді. Екі тарап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тату көршілік және өзара сенімге негізделген түрлі салалардағы қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және толағай табыс тіледі.Әңгімелесу барысында достыққа, сенім мен ынтымақтастыққа негізделген Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынастарын тереңдетудің маңыздылығы туралы айтылды.