Қоғам • 15 Шілде, 2019

Президент: Дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік желілер ақпараттың негізгі көзі болды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрбір мемлекеттік қызметші жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде белсенді болуға тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ. Тоқаев айтты деп хабарлады zakon.kz.

Президент: Дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік желілер ақпараттың негізгі көзі болды

- Халықпен және бизнеспен коммуникацияның тиімді жүйесін жолға қою бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керек, ең алдымен, әрбір орталық және жергілікті атқарушы органда халықпен тікелей және кері байланыс үшін тұрақты жұмыс істейтін алаңдар құрылуы тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде белсенді болуға тиіс. Ғаламтор ғасырында - бұл міндет, - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желідегі пікірталастарға қатысып, халықтың және қоғамның сұрақтарына онлайн режимінде жауап бере алады.

«Дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік желілер бүгінгі күні ақпараттың негізгі көзі болғаны анық», деді Тоқаев.