Спорт • 16 Шілде, 2019

Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошылары қатарына кірді

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлемдік Гран При турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңа рейтингке сәйкес, жарыс жеңімпазы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 4821 ұпаймен 6 орыннан 5-орынға көтеріліп, әлемнің ең үздік «ТОП-5» дзюдошылары қатарына енді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошылары қатарына кірді

Айта кетерлігі, IJF ержесіне сәйкес Гран Приде 1 орын алған спортшыға 700 ұпайдан, 2 орынға – 490 ұпай, 3 орынға ие болған дзюдошыға әлемдік рейтингте 350 ұпайдан қосылды.

Назарларыңызға жаңартылған әлем рейтингіндегі қазақстандық дзюдошылар орнын ұсынамыз (ТОП-50):

60 кг

Елдос Сметов - 5 орын (4821)

Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156)

66 кг

Ерлан Серікжанов – 8 (4089)

Елдос Жұмақанов – 11 (3504)

73 кг

Жансай Смағұлов – 19 (2448)

81 кг

Дидар Хамза – 17 (2602)

Руслан Мусаев – 49 (1036)

90 кг

Ислам Бозбаев – 11 (3428)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)