Бірнеше ай бұрын Өскеменде өткен Nur Otan партиясы облыстық филиалының ХХІІ конференциясында аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдегі көп балалы және аз қамтылған балалардың ата-аналары балабақшадағы тамақтану төлемінен босатылатынын, осы санаттағы отбасылардың балалары университетке және колледжге түскенде жеңілдік жасалатынын, мектеп жасындағы балаларына форма сатып алуға мемлекет жәрдем көрсететінін айтқан еді. Бес ай ішінде қандай жұмыстар атқарылды? Нендей кемшіліктер бар?

Қыр астында – қыркүйек. Мектептерде сабақ басталады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары бұған дайын ба? Комиссия отырысында баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанованың сөзінен түйгеніміз, алдағы жаңа оқу жылында аймақтағы барлық көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына (жалпы саны – 33 583, оның 23 мыңы көп балалы, 10 мыңы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың оқушылары) мектеп формасы мемлекет есебінен сатып әперілмек. Осы мақсатқа облыс, қала және аудан бюджеттерінен 626 млн теңге қаржы бөлініп, Шығыс Қазақстандағы мектеп формаларын тігетін 5 тауар өндіруші («Ақтұмар», «УК Юнис», «Семспецснаб», «Ақмаңдай», «Instar») анықталды. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қазір өңірдегі 580 мектептің 260-сы форма сатып алу жөнінде келісімшарт жасасты, 299 мектеп келісімшарт рәсімін жақында аяқтауға уәде берді. Абай, Аягөз, Бородулиха, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандары бұл жұмысты 100 пайызға жеткізді. Ал Бесқарағай ауданындағы 21 мектеп жергілікті тауар өндірушілермен әлі күнге дейін келісімшарт жасаспаған. «Бұл мәселені ақпан айында айтқанбыз. Екі айдан кейін сабақ басталады. Ал сіздер әлі жүрсіздер! Қаражат бар, тауар өндірушілер белгілі. Неге іске кіріспейсіздер? Бір апта уақыт беремін. Мәселе шешілмесе, комиссия отырысында қараймыз» деді Д.Ахметов.
Айтпақшы, осы жиында Бесқарағай ауданы әкімдігінің көп балалы отбасыларды баспанамен қамту жөніндегі аудандық комиссия жұмысына салғырт қарағандығы да белгілі болды. Бір қызығы, Бесқарағай ауданы әкімдігі жиынға комиссия құрамына енген көп балалы аналардың бірде-бірін шақырмапты. «Комиссия мүшесі Татьяна Власова бар ма?» деген облыс әкімінің сұрағына: «Оның баласы ауырып қалып, келе алмады» десе, «Любовь Ивановна қайда?» деген сауалын жауапсыз қалдырды. «Мен аудан әкімдеріне «Ең кем дегенде үш көп балалы ана комиссияға кірсін» деп тапсырма бергенмін. Бірде-біреуі жоқ» деп ашуға булыққан Д.Ахметов еңбек демалысында жүрген Бесқарағай әкімін шұғыл жұмысқа шақырып, осы мәселемен шұғылдануды және Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановқа партиялық комиссия құрып, аудандағы көп балалы аналармен кездесуді тапсырды.
Осы жиында облыстағы баспанаға мұқтаж көп балалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету үшін әр ауданда арнайы комиссия құрылып жұмыс істегені, алдағы уақытта 230 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлайтыны туралы жағымды жаңалық айтылды. Демек, 230 анаға пәтер тегін берілмек. Бұл мақсатта облыстық «Парыз» қорынан тиісті қаржы бөлініпті. Журналистердің қатысуымен ашық форматта, жария өткен комиссия отырысында Д.Ахметов қарамағындағы аудан әкімдеріне толық сенбеді ме, әлде мәселенің анық-қанығына көзін жеткізейін деді ме, өңірдің барлық аудандарындағы көп балалы аналармен жеке-жеке сөйлесті.
Д.Ахметовке бейне режімде жеке-жеке есеп берген аудан әкімдерінің бірі ақшаны үнемдеп, 3 үйдің орнына 4 үй сатып алғандығын, екіншісі көп балалы аналардың барлығынан қолхат жаздырып алғандықтарын, үшіншісі берілген қаражатты шашауын шығармай жеткізуге тырысқанын айтты. «5 миллион теңге үнемдедік. Бұл қаржыға екі үй алуға болады» деді Глубокое ауданының әкімі Қалихан Байғонысов. Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов қордан бөлінген 11 миллионның 9 миллионына, Күршім әкімі Дулат Қажанов 5 үй алуға бөлінген 15 500 миллион теңгенің 8 миллионына баспана алынғанын жеткізді. Ал Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтанов 7 үйдің орнына 11 үй сатып алынғанын, Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 23 көп балалы отбасы үйлерді өздері таңдағанын, қордан бөлінген 73 миллион теңгеден 12 миллион теңге үнемделгенін тілге тиек етті. Осы ретте «аудан әкімдері үнемдеген қаржыға көп балалы отбасыларға тағы да үйлер алына ма?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Мұны уақыт көрсете жатар.
Әуелгісі – облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы, екіншісі – облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры. Соңғы уақытта облыс әкімі Д.Ахметов екеуіне әкімдікте өтетін жиындарда қатты шүйлігіп жүр. Шүйлігетін жөні де бар секілді. Бір ай бұрын ғана аймақ басшысы көп балалы отбасыларға қатысты жиында екі мекеме басшысын сын садағына алып: «облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіпкерлік басқармасы жұмысты өзгелерге жүктегенді жақсы көреді. Маған кәсіпорындардың тізімі емес, олардың ұсынған бағдарламалары қажет. Біз өңірдегі кәсіпорындарға мектеп формасын тігу үшін 625 миллион теңгенің мемлекеттік тапсырысын бергелі отырмыз. Олар мемлекеттік тапсырыс алғысы келсе, соған сай өздерінің өндірістік қуатын арттырып, қорларын жаңартуы тиіс. Олар бізге өздерінің инвестициялық жобасын әзірлеп, ұсынсын. Өкінішке қарай, бұл жұмыс жүргізілген жоқ. Осылай жалғаса беретін болса, мектеп формасын Қытай мен Түркиядан тасымалдаудан құтылмаймыз» деген еді. Бұл жолғы қоғамдық комиссия отырысында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов пен облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий тағы да сөз естіді. Көп балалы аналарға несие беріп, олардың өз кәсібін жүргізуі үшін түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбегені үшін. Е.Шормановтың айтуынша, қазір «Еңбек» бағдарламасы бойынша Өскеменде екі жоба қаралып жатыр екен. Көп балалы ананың бірі дүкен ашуды көздесе, екіншісі шаштараз қызметін жандандырмақ. Одан бөлек «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен грант қаражатына үмітті бес жоба дайын тұр. Мұның сыртында өңірлік «Ақниет» бағдарламасы бойынша Курчатов қаласында бір жоба қолға алыныпты.
Облыс әкімі бұл жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізіп: «Өзінің кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткісі келетін көп балалы отбасылар аз емес. Мұны мен жұмыс бабымен аудан, қалаларға барғанда, жұртпен кездескенде көріп жүрмін. Бүгінге дейін облыстағы 26 мыңнан астам көп балалы отбасының қанша пайызы несие алып, кәсібін бастады? Сіз айтқандай бірен-саран ғана. Неге? Өйткені олар көмекті қалай алатынын, жеңілдетілген несиеге қалай қол жеткізетінін білмейді. Олардың сіздерге келетін уақыты жоқ. Олар бала-шағасымен, үй шаруасымен шұғылданады. Қажетті ақпарат жетпей жатыр. Түсіндіру жұмыстары нашар. Сіздер көп балалы аналармен кездескен жоқсыздар. Үш ай уақыт беремін, жұмысты ширатпасаңыздар тиісті шара қолданамыз» деді.
«Фейсбукқа, өзіме жазыңыздар»
Жиында көп балалы және жағдайы төмен отбасы мүшелерінің колледж бен университетке жеңілдікпен оқуға түсу жайы да қаралды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанованың айтуынша, биыл өңірде 15 мыңнан астам түлек 9-сыныпты бітірсе, соның 969-ы көп балалы отбасыдан шыққан екен. 15 мыңның 5 289-ы (оның 642-сі көп балалы отбасылардың балалары) колледжге құжаттарын тапсыруға ниеттеніп отырған көрінеді. Ал аймақта 11-сыныпты 8490 түлек аяқтаса, соның 479-ы көп балалы отбасылардың балалары. Аз қамтылған отбасылардың 9 және 11-сыныпты бітіргендерінің саны – 2862.
«Құжат тапсыру уақыты басталған 20 маусымнан бүгінге дейін колледжде оқуға көп балалы отбасыдан шыққан 285 баладан өтініш келіп түсті. Қазіргі күні аталған санатқа жататын 630 түлекпен кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде» деген басқарма басшысының орынбасары колледждерге құжат тапсыру мерзімі тамыздың 20-сы күні аяқталатынын жеткізді. Облыс әкімі аудандағы комиссия мүшелеріне осы мәселеге мұқият қарауды, ешбір бала жеңілдіктен тыс қалмауын қадағалауды тапсырды.
Қоғамдық комиссия отырысында балабақша төлемінен босатылған көп балалы отбасылар туралы да сөз болды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев биылғы мамыр айынан бастап өңірдегі көп балалы отбасылардың балалары мен ерекше білім беруді қажет ететін балалар (олардың саны – 3518) балабақшаға тегін барып жүргенін, бұл мақсатқа бюджеттен 200,2 млн теңге қаржы бөлінгенін айтты.
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:12
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • Бүгін, 16:56
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:52
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Бүгін, 16:46
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 16:46
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Бүгін, 16:05
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Ұқсас жаңалықтар