27 Қаңтар, 2017

Қазақстанның теңдессіз тәжірибесі

428 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан – Тәуелсіздік алға­лы бері көпвекторлы сыртқы сая­сат­ты таңдап, сол бағытта жүріп ке­ле жатқан мемлекет. Соңғы ши­рек ғасыр ішінде Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен әлемдік ауқымдағы мә­се­лелерді шешуге белсене араласып, ұсы­ныстар жасап, сол мақсатта мә­мілегерлік қарекет етуінің арқа­сын­да еліміздің халықаралық аре­на­дағы беделі артқаны баршаға мә­лім. Бұл жолда ұдайы ұтымды ұсы­ныстар айтумен ерекшеленген Ел­басымыздың білім-білігі мен тә­жірибесі, дәреже-деңгейі соған лайық болатын.

Қазақстанның теңдессіз тәжірибесі

Ал енді күні кеше Астанада өт­кен Сирия мәселесіне қатысты ке­ліс­сөз өткізуге дейін Қазақстан мұн­дай шараларды сәтті жүзеге асы­рып келген. Айталық, Еуропадағы қау­іп­сіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық  құры­лы­м­дарға жетекшілік етіп, іс жүргізу тә­жірибеміз жинақталды.

Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы­ жылдарында Президенттің БҰҰ ­Бас Ассамблеясында Азиядағы өза­ра­ іс-қимыл және сенім шаралары жө­ніндегі кеңес құру жөнінде алғаш мә­лім еткені есімізде. 2002 жылы Кеңестің Алматыдағы саммитінде 16 елдің басшысын бір үстелдің басына жинап, оның ойдағыдай өтуіне де мұрындық болған. Сол жиын арқылы Үндістан мен Пәкістанның арасындағы өте күрделі қарама-қайшылықтар тең дәрежеде шешілген.

Міне, елдің ішкі мәселесіне қа­тыс­ты тақырыптан тыс, осындай сыртқы сая­саттағы ауқымды ша­ра­лар­ға қарап, Қазақстанның ха­лық­аралық ауқымда атқарған шаруаларын елеусіз деп ешкім де айта алмаса керек. Әрине, осының барлығы да Елбасының тікелей араласуымен жүзеге асқан жарқын жобалар.

Қазақстан Орталық Азия ай­ма­ғын­да орналасқандықтан, өңірдегі тыныштықтың сақталуына ұйытқы бо­лып қана қоймай, қайсыбір мем­лекетаралық деңгейде шие­леніскен тү­­й­ін­дерді тарқатуға да қомақты үлес қосты. Сондай-ақ, жаһандық про­б­­­лемаларды да пайдалы шешуге үн қатты. Соның бірін айтар болсақ, Қазақстанның ядролық қаруды та­рат­пау жөніндегі бастама көтеруі. Осын­ша­ма игілікті іс атқарылып жатқан соң, әлемдік қоғамдастық Мемлекет басшысы мен біздің еліміздің абырой, беделін қалай мойындамасын. Ен­де­ше, Сирия дағдарысына біздің ел­дің белсене араласып, оның оң ше­шілуіне ықпал етуге ынта танытуы қай қыры­нан алып қарасақ та, қисынды әрі орын­ды. Өйткені, Қазақстанның бі­тім­герлік миссиясы мұнымен ғана шек­­теліп қоймайды. Өткен кезеңдерде Украина, Ресей, Түркия мемлекеттері ара­сындағы жағдайдың қалыпқа тү­суіне Астананың араағайындық жа­сауының өзі неге тұрады?!

Кешегі Астана процесінің маңызы зор болды.  Бұл үнқатысу алаңында өткен келіссөздердің оң нәтижесі кешігіңкіреп келуі мүмкін. Себебі, осы кезге дейін де аталған мәселені АҚШ, Ресей, Түркия мен Иран сынды мемлекеттер өз араларында шешуге тырысқаны есімізде. Оның нәтижесі туралы сөз айтудан бұрын Астана ұсын­ған келіссөз алаңына жоғарыда атал­ған тараптармен қатар, сириялық оппозиция өкілдерінің келуі көп нәр­седен хабар берсе керек. Міне, осының өзінен қай тарапты алсақ та, мәміле жасауға ынталы екендігін ұғуға бо­ла­ды. Бұл жерде баса айта кететін мәс­еле, қатысушылардың соғыс оты өршіген аймақта оқ атуды тоқтатуды мақұлдау ниеттерінің зор екендігі. Мұны Астана процесінің әкелген пайдасы деуге толық негіз бар.

Ал енді осы кездесуге дейінгі ке­ліс­сөздерде жіберілген қателіктер мен орындалмаған шешімдерге Астана­ның араласып, нәтижесінде өзек­ті мә­селелердің күн тәртібіне шы­ға­ры­луының өзі бір жетістік. Ерекше атап өту­ге тұрарлығы, негізінен Қаза­қ­стан­ның Сириядағы қарама-қай­шы­лық­­тарға ешбір қатысы жоқ. Яғни, біз – бейтарап елміз. Сонымен қатар, Ислам­ды ұстанатындықтан, дініміз бір әрі өркениеті дамыған, экономикасы өр­леген, жаңарған заманда қатар өмір сүріп жатқандықтан, шиеленісті ше­шу­ге мүмкіндігіміз бола тұра, Сирия ісі­не араласпасақ мемлекеттілігімізге сын болар еді?!.

Оның үстіне, дербес, тәуелсіз уни­­тарлы мемлекет болғандықтан, та­раптарды татуластыруға мем­ле­кет ре­тінде құқымыз да, қау­қа­­рымыз да жеткілікті. Ендеше, осын­­дай мүм­кіндігімізді игілікке ай­нал­ды­ра бі­л­сек, одан ұтпасақ, ұтыл­май­ты­ны­мыз анық.

Нұрлан СЕЙДІН,

саясаттанушы