Спорт • 25 Шілде, 2019

Таеквондошылар Азия чемпионатынан жеті медаль жеңіп алды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Екінші жарыс күнінде кадеттер жеті медаль жеңіп алды деп жазады Olympic.kz.

Таеквондошылар Азия чемпионатынан жеті медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар екі күміс және бес қола жүлдеге қол жеткізген.  Айдана Сүндетбай мен Тамир Қуатова финалда есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. 

Ал Мария Севостьянова, Назым Махмұтова, Темірлан Тілеулес, Бекарыс Бекенов және Тұрсын Ислам үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.