Қоғам • 01 Тамыз, 2019

Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы іске қосылды

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бес әлеу­мет­тік бастамасының бірі студент жастардың тұрмысын жақсарту­ға бағытталған. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жеке сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін әзірледі.

Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы іске қосылды

Осыған орай, біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді өзара тиімді шарттарда студенттік жатақханалар құрылысына атса­лысуға шақырамыз. Бұл процеске ауқымды түрде, яғни әлеу­­меттік нысан ретінде емес, табысты, тұрақты және перспек­тивалық бизнес-жоба ретінде қарау­ды ұсынамыз. Бұған бар­лық алғышарттар бар.

инфографика

Бірінші. Сұраныс ұсыныс тудырады.  

Бүгінгі таңда елімізде студенттер  үшін 90 мыңнан астам орын-жайды енгізу қажет. Оның ішіне еліміздің ірі қалаларынан бастап облыстық маңызы бар қалаларды қамтитын барлық өңір кіреді. 

Жақында Қазақстанды 2000 жылдардың baby-boom  нәтижесі күтілуде. Сондықтан жақын бо­ла­шақта елде тұтынушылар на­ры­­ғының қарқынды өсетіні айқын.  

Екінші. Мемлекеттің қаржылық қатысуы.

Нысан пайдалануға сәтті ен­гізілгеннен кейін мем­лекет тарапынан 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ақша төлемдері жүргізілетін болады. Төлемдердің мөлшері пайдалануға енгізілген және білім алушы нақты орналасқан орын-жайлар санына байланыс­ты. Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жасалған жағдайда 47 АЕК төленеді.

инфографика

Үшінші. Қосымша табыс көздері.

Студент төлейтін ай сайын­ғы тұру ақысы мемлекет тап­сыры­сының құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың мен­шік иесі реттейді және ол нақты өңір­­дегі тұрғын үй нарығының шарт­тарымен анықталады.

Сонымен бірге тұрмыстық қыз­­меттерді көрсету үшін ком­­мер­­циялық алаңдар жаса­у­ла­рыңызға болады, олар­дың не­гізгі тұтынушылары тұрғын­дар болмақ.

Жобаға қатысу шарттары  

Жобаны іске асыру үшін капитал және жер телімі болуы қажет. Жер теліміңіз болмаған жағ­дайда біз оны мемлекет-жеке­меншік әріптестік тетігі ар­қылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіп­керлік корпорацияларымен бірге жобаны бастау немесе консорциум құру жолымен ресурс­тарды біріктіру арқылы алудың бірқатар жолдарын ұсынамыз.

Сонымен қатар егер сіздер ғима­раттың меншік иесі болса­ңыз­дар, оны жатақхана етіп реконструкция жасауға және оған мемлекеттік тапсырысты орна­ластыруға талаптануға болады.  

Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру сәтінен бастап 30 шарт жасалды, соның нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа орынның енгізілуі қамтамасыз етілді.

Жобаға қатысу үшін мыналар қажет:

Бірінші – жобаға қатысу шарттарымен толық танысу үшін studdom.kz сайтына кіру немесе 8-8000-802-828 нөмірі арқыл БҒМ Қаржы орталығының колл-орталығына хабарласу. 

Екінші – шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру.

Біз жемісті ынтымақ­тас­тық­қа дайынбыз!

 «Қаржы орталығы» АҚ Студенттік жатақханаларға операторлық ету жөніндегі департаменті