Президент • 22 Тамыз, 2019

Президент Асқар Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы Асқар Бейсенбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Асқар Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Беларусь Республикасымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті Асқар Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.