Саясат • 03 Қыркүйек, 2019

Парламенттің алдында ауқымды міндеттер тұр

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламенттің алдында ауқымды міндеттер тұр

Менің ойымша, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі ең өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Яғни, Президент жағдайды бақылап, біліп отыр. Біз жуырда ғана батыс өңірінде болып, сайлаушыларымызбен кездестік. Сонда айтылған еліміздің проблемалардың барлығы бүгінгі Жолдауда көтеріліп жатқанына қатты қуанып отырмын. Мәселен, туристік кластерді көтеруде қандай мәселелерді қаузау керек, қандай сұрақтардың төңірегінде жұмыс істеу керектігіне Мемлекет басшысы жан-жақты тоқталды. Мен Президент Жолдауындағы көп мәселелердің ішінен халықты әлеуметтік қолдау тетіктерін ерекше атап өтер едім. Оның ішінде көлік қатынасына қатысты мәселелер көтерілді. Жаңаөзен қаласында сайлаушылар Маңғыстау өңіріне жету, темір жолмен қатынау қиындығын, әуе қатынасының бағасы шектен тыс қымбат екенін айтқан болатын. Бүгін Президентіміз осы мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ Президент келесі жылы ұлы Абайдың 175 жылдығын той ретін­де атап өтіп қана қоймай, ақын шығар­маларын басқа қырынан ұғынуға үндеді. Бұл мәселелер төңірегінде Парламенттің алдында үлкен міндеттер тұр. Президент сайлауалды бағдарламасын толығымен жүзеге асыруға бекініп отыр. Парламент осы ретте көптеген заңдарға өзгерістер енгізуі тиіс.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты