Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019

Басымдықтар аталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында 5 басымдықты атап, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айтып өтті. Ендігі кезекте осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.

Басымдықтар аталды

Жолдау­дағы адами капи­тал­ды дамыту, әлеуметтік жағдайды жақ­сарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, бизнесті өркендетудегі бастамалары өте орынды. Да­рынды балалардың қабілетін арт­­тырудың жол картасы, көп ­балалы аналарды бизнеске тартатын бағдарлама әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, бұқаралық спортты дамыту, тағы басқа да адам әлеуетін дамытатын жобалар керек-ақ. Яғни, қазір заман ағымына сай, отандастарымыздың өз әлеуетін танытатын сәт. Осыны жете ұғынайық.

Сондай-ақ Жолдауда жедел түрде жыныстық зорлық-зом­бы­лыққа, педофилияға, есірткі таратуға, адам саудалауға, әйел­дерге қатысты тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа, тұлғаға, әсіресе балаларға қарсы жасалатын өзге де ауыр қылмыстарға жазаны қа­таңдату қажеттігі айтылды. Ал полиция азаматтардың қауіп­сіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналады. Яғни, құқық қор­ғау жүйесін толыққанды рефор­малауға басымдық берілмек.

Президент Үкіметке тарифтер мен бағаларды реттеуді тапсырды. Бұл да дер кезінде көтеріліп отырған мәселе. Монополистердің тауарлар мен қызметтерін негізсіз қымбаттатпауын қоғам болып бақылауымыз қажет.

 

Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ,

мемлекет және қоғам қайраткері