Экономика • 09 Қыркүйек, 2019

Студенттік жатақханаларды салу субсидиясы 9%-ға дейін көтерілді

435 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бизнестің кез келген түрі, оның ерекшелігіне, ауқымы мен географиясына қарамастан, қар­жылық қолдауды қажет етеді. Көптеген жағ­дай­да оның құралы ретінде банктік несиелер жүреді. Бұл жерде ең бастысы – пайыздық мөл­шерлемеден бастап, өтеудің жеңілдікті ке­зеңіне дейінгі қолайлы шарттарды таңдау. Әйт­се де, кез келген қарыздың тартымдылығын есе­лей түсетін бір-ақ сөз бар, ол «субсидия» деп ата­лады.

Студенттік жатақханаларды салу субсидиясы 9%-ға дейін көтерілді

Субсидиялар туралы кіріспе мақала атауымен қалай байланысты? Бәрі оп-оңай – бұл жердегі мәселе, студенттік жатақханаларды салуға арналған субсидиялар туралы болып отыр. Соңғы екі жылда бизнестің осы бағыты бірқатар артықшылықтарға ие болды. Осы ретте арнайы тетік әзірленді, оның тұжырымы студенттер тұратын үй-жайлар салуда бизнестің мемлекетпен әріптестігіне негізделген. Оның бірегейлігі сонда – ғимараттың меншік иесінде мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен ақша ағындарына кепілдік беріледі. Былайша айтқанда, мемлекет әрбір студенттің тұруына 300 мың теңгеден астам ақша төлеуге дайын.    

Мемлекеттің бұл мәселеге қатысты алаң­дау­шы­лығы орын-жайлардың тапшылығымен ғана емес, сондай-ақ оның өсу перспективасымен де байланысты. Демографиялық ахуалға ең қысқа талдау жасағанның өзінде алдағы уақытта елде 2000 жылдардағы baby-boom-ның нәтижесі болып табылатын студенттік контингенттің күрт ұлғаюын болжауға болады. Осы мақаланың мәнмәтінінде бұл – сұраныстың тұрақтылығы мен құрылатын бизнестің перспективалылығы тұрғысынан, кәсіпкер үшін айқын басымдылық.   

Мақаланың негізгі тақырыбына көше отырып, оның релевантылығын ерекше атап өту ке­рек. Осыдан бір ай бұрын ғана студенттік жа­­тақ­ха­наларды салуға арналған банктік кре­дит­­терді субсидиялау мөлшерлемесі 7-ден 9%-ға дейін көтерілді. Бағдарламаға қатысушы банк­тер қазіргі уақытта кредит мөлшерлемесін субсидиялау шарттарында 7 жылға дейін алғашқы қарыз­дарды (займдер) ұсынуда. Бұл ретте банк­тің максималды мөлшерлемесі 15%-дан аспауы тиіс. Осылайша жатақхананы салушы үшін түп­кілікті мөлшерлеме небәрі 6%-ды құрауы мүм­кін. Сондай-ақ тартылатын қарыздың (займ­ның) сомасы шектелмегендігін де айта кет­кен жөн.

Жобаларды субсидиялау жалпы қоры 600 млрд теңгені құрайтын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаның операторы «Даму» кә­сіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады. Толығырақ ақпарат алу үшін www.damu.kz сай­тына немесе 8 (727) 244-55-66(77) телефон нөмір­леріне хабарласа аласыздар. 

Сонымен қатар студенттік жатақханалар құры­­лы­сын қолдау тетігі туралы мазмұнды кеңес­ті 8 800 080 28 28 (қоңырау шалу тегін) теле­фон нөмірлеріне ха­барласып немесе www.studdom.kz сайтынан алуға болады.     

 

«Қаржы орталығы» АҚ