Қоғам • 09 Қыркүйек, 2019

Доланалы жағалау

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтын күз басталғалы бері айналадағы әспетті бау адамды ерекше көрінісімен қызықтыра түседі. Әсіресе Алматыдағы «Самал» шағын ауданындағы жайқалған бақ мұнартқан күнге сыр шертетіндей ме қалай?!

Доланалы жағалау

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Бүгінгі күні жайқалған баудың өн бойынан танитыныңыз керім күздің өңірге өзіндік келбет ала келгені болды. Алдымен өзгерісті уылжи піскен доланалы жағалау секілді өзгеше әспет беретіні қыжым бояулы талдардан аңғарар едіңіз.

Содан алыстағы ауыл есіңізге түседі. Биік таудың көзге оттай басылатын аңғарлы етегі көздің жауы­н алғандай. Мына жиектегі көрікті ағаштардың бәрі дерлік долана ағашы.

Әдетте долана таулы аймақтарда жиі кездеседі. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең тараған, долана ағашының биіктігі 2-8 метр болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 сантиметрдей болып судырлап, жайқалып тұр.

Долананың барлық сұрыптары көктемде қалың гүл шашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт болып келеді. Жол бойына егілген жас көшеттері жеті жылдан кейін ғана жеміс берді. Долана ағашының Алматы қаласы сияқты тез ластанатын шаһарларға егу өте тиімді. Кезінде биолог мамандар өте тиімді кеңес берген болды. Бұл өсімдіктің шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін жақсы бағалағанын аңғартып отыр. Өйткені саябақтың шеткі қатарлары түгелімен осы доланалы жағалау болып келеді. Кезінде аталарымыздың «долана егіңдер» деп қадап айтқаны да содан екен ғой.

 

АЛМАТЫ