Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Мұғалім мамандығының мәртебесі артады

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаң­ғырудың жаңа кезеңінде әлеуметтік саланы жаңғыртудың маңыздылығын ескер­ген Президент осы саладағы басым бағыттарға мән беру қажеттігін өте ор­ын­ды айтып өтті. Білім беру сапасы жастар арасында жұмыссыздықтан ай­қын көрінеді. Соның ішінде білікті педагог кадрлардың тапшылығын жою мақ­­са­тында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұ­­мысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттігін Қасым-Жомарт Тоқаев ба­са айтты.

Мұғалім мамандығының мәртебесі артады

Жастарды жұмыспен қамтып, олар­­ға әлеуметтік қолдау көрсететін бұл бағдарлама Батыс Қазақстан мемлекет­тік уни­вер­ситетінде оң нәтиже беріп келеді. 2015 жылдан бері 560-тан аса түлегіміз осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасты. Түлектерді жұ­мыс­пен қамту үшін жергілікті аудан әкім­діктерімен екі жақ­ты меморандумдар жасап, мәселені бола­шақта да баса назарда ұстайтын бола­мыз.

Ел Президенті өз түлектерін жұ­мыс­пен қамту жағынан еліміздегі ЖОО-лар­дың жартысы ғана 60 пайыздық дең­гейге қол жеткізіп отырғанын айтты. Иә, бұл өте маңызды мәселе. Білім және ғылым министрлігі білім сапасын қам­тамасыз ету мақсатында талапкер­лер мен студенттердің мүдделерін қор­ғау үшін бұған дейін де ЖОО-ның қыз­метіне жоспардан тыс тексерулер жүр­гі­зе бастаған еді.

Өт­кен оқу жылында уни­­­вер­си­те­тімізді 1348 түлек бітірді. Бү­­гінгі таңда осы түлектердің 65%-ы жұ­мыс­пен қамтылып отыр. Әрине пе­да­го­гикалық мамандықтар бо­йы­н­ша бі­тір­ген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші техникалық маман­дықтармен са­лыстыруға келмейді. Дегенмен жас педа­гог мамандарды жұмысқа орналасу көрсет­кішін жоғары деңгейге жеткізу мақса­тында жұмыла еңбек етуіміз қажет. Бұған 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетіндігі туралы бүгінгі қуанышты хабар да сеп болары анық. Енді «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы да мақұлданып, бекітілуін күтудеміз.

Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ,
Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ ректоры