Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

Шамалғанда апатқа түскен автобуста 67 адам болған

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шамалғанда апатқа түскен автобуста 67 адам болған

«15 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында «Алматы - Қостанай» бағытындағы №43 жолаушылар пойызы мен «Алматы - Қаскелең» бағытындағы «Сетра» маркалы автобус соқтығысып, соның салдарынан автобус жүргізушісі мерт болып, 3 жолаушы - 1986 жылғы әйел адам мен оның 2014 және 2016 жылғы балалары зардап шеккен. Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада. 

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен үш адамның жағдайы туралы жаңа мәліметтерді ұсынды.