Облыс тұрғындарына шаққанда Қостанай облысында қылмыс көрсеткіші жоғары. Ол әрбір 10 мың тұрғынға 176 қылмыстан келеді. Бұл республика бойынша үшінші орында деген сөз.
«Сондықтан біздің қылмыстық полиция қызметкерлері мен тергеушілерінің жүгі жеңіл емес. Осыған қарамастан соңғы төрт жылда ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 81 пайызға дейін жетті, бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды» деді Бекет Аймағамбетов.
Сонымен бірге облыста бопсалау, адам өліміне әкелген дене жарақатын салу секілді ауыр қылмыстар 100 пайыз ашылды. Ашылған қылмыстардың 90 пайызы адам өлтіру, тонау, машина қуып кету, 80 пайызы шығыны бір миллион теңге болатын пәтер ұрлығынан тұрады.
Қостанай