Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Қостанайда бизнес ашқан көп балалы аналар қатары көбейген

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная бұқаралық ақпарат құралдары үшін берген брифингте айтты.

Қостанайда бизнес ашқан көп балалы аналар қатары көбейген

Ол әсіресе, «Еңбек» бадарламасы шеңберінде берілетін шағын кредиттерді ерекше атады. Жыл басынан бері қыркүйек айына дейін облыста екінші деңгейлі банктерге 594 млн теңге тұратын 50 жоба ұсынылған. Содан 46 жоба қаржысын алып, өмірге жол тартқан.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бағдарламаны жүзеге асырып келе жатқан кезең ішінде микрокредит алу жөнінен Қостанай облысы 6 орын алады. Әсіресе, әйел кәсіпкерлердің белсенділігі күшті, микрокредиттің 47 пайызын әйелдер алған. Олардың басым көпшілігі Рудный және Арқалық қаласында тұрады.

«Соңғы жылдары әйел кәсіпкерлер арасында көп балалы аналар жиі көрініп жүр. Солардың бірі Арқалық қаласындағы Гүлзира Сейдаханова дер едім. Ол 5 бала өсіріп отыр, қаладағы сауда ғимаратын қалпына келтіріп, «Әли» құрылыс материалдарын сататын дүкен ашты. Ол нарықты зерттей білген, тұрғындар сұранысын қанағаттандырып отыр»,- деді Роза Балагерденқызы.

Снымен қатар ол жастар арасында да кәсіпкерлік дамып келе жатқанын жарқын мысалдармен айтты.

 

Қостанай