Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары Украинамен экстрадициялау туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобасын талқылайтын болады. Онда уағдаласушы мемлекеттер Шарттың талаптарына сәйкес ұстап беруге әкеліп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы тарап іздестіріп жатқан өзінің аумағындағы адамдарды екінші тарапқа ұстап беруге міндеттенеді.
Палата дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты түзетулерді екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.
Алдағы жалпы отырыста газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілмек.