Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 5-ші және 6-шы пакеттері аясында позицияларды жақсарту үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде 8 реформа жүзеге асырылды. 5 нормативтік-құқықтық актіге 30-ға жуық түзетулер енгізілді.
«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 2018 жылы Қазақстан 35-ші орынды иеленіп, 17-позицияға көтерілді.
«Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша Министрлік «Инфрақұрылым» факторы үшін жауапты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 69-орынды иеленіп, 3-позицияға көтерілді. «Инфрақұрылым» факторы шеңберінде Министрлікке 8 индикатор бекіген. «Жол желісінің сапасы» және «Жол инфрақұрылымының сапасы» индикаторларын жақсарту үшін Министрлік республикалық желідегі 6 мың км автожолды, облыстық, аудандық маңызы бар 4,6 мың км автожолды салды. Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге дейін артты», деді Р. Скляр.
Осы қаржыландыру сақталған жағдайда 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайға 100%-ке дейін жетеді, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу жоспарланған. «Темір жол тығыздығы» және «Темір жол тасымалдарының тиімділігі» индикаторларына Алматы темір жол станциясы бойынша айналма жол салу жобасы оң әсер етті.
«Әуежайлар желісін дамыту» және «Әуе тасымалдарының тиімділігі» индикаторларын жақсарту үшін Қостанай және Балқаш қалаларының әуежайларының ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары аяқталуда. Орал қаласы әуежайының аэровокзалын жаңғырту және Түркістан қаласында жаңа әуежай салу жұмыстары басталды.
Жыл басынан бері қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар 7 халықаралық рейс ашты.
Биылғы жылы мамырда алғашқы Fly Arystan ұлттық лоукостері іске қосылды. 14 ішкі авиамаршрут субсидияланады. «Теңіз тасымалдарының тиімділігі» индикаторын одан әрі жақсарту үшін Ақтау портының тиеу-түсіру жабдығын жаңғырту және айлақ құрылысын қайта жаңарту жоспарланған.
Биылғы жылы халықты ауыз сумен және су бұрумен қамту бойынша 126 млрд теңгеге 411 жобаны іске асыру басталды. Жыл қорытындысы бойынша қала халқының 97% және ауыл халқының 87% сумен қамтылатын болады.
Барлық жоспарланған іс-шаралар халықаралық рейтингтердің индикаторларын жақсарту аясында іске асатын болады. LPI рейтингісі бойынша (Сауда және көлік инфрақұрылымың дамуы) 2018 жылы Қазақстан Логистиканың тиімділік индексінде 2016 жылмен салыстырғанда 6-позицияға көтерілді, 160 әлемнің елдері ішінде 71-ші орынды иеленді.