Қарағанды, Атырау, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.