Әлем • 01 Қазан, 2019

Ресейде ІІ Дүниежүзілік соғыста мерт болған қазақстандықтардың мәйіті табылды

632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 1941-1945 жылдары ІІ Дүниежүзілік соғыста мерт болған қазақстандықтардың мәйіті мен Ресей Федерациясы Иванов облысы аумағында жерленгені жайлы мәлімет алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ресейде ІІ Дүниежүзілік соғыста мерт болған қазақстандықтардың мәйіті табылды

Мәліметтер Иванов облысының әскери комиссариатындағы әскери жерленгендер есебіндегі деректерден алынып, Ресейдің Қорғаныс министрлігінен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мекен жайына жіберілген.

Тізімде 73 қазақстандық бар. Қазақстанның әртүрлі облыстары, қалалары мен аудандарының қатардағы жауынгерлері, ефрейтрлер, сержанттары, капитандары мен старшиналары Иванов, Комсомольск, Кохма, Пучеж, Кинешма, Тейкова қалаларының, сонымен қатар, Иванов облысындағы №1 және 2-зираттарында жерленген.

Осыған дейін жауынгерлердің қаза болған жерлері мен мәйіттерінің орны белгісіз болған еді. Бұл мәліметтер қазақстандықтарға жақындарын табуға септігін тигізуі мүмкін.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі еліміздің өңірлеріндегі жергілікті әскери басқарма органдары арқылы қаза болған жауынгерлердің туған-туыстарын іздеу жұмыстарын жүргізеді.