Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Жастар жобасының тұсаукесері

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйым­дас­тыруымен «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стар­таптарының тұсаукесері» жобасы өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бастауыш жобаларды насихаттау арқылы жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру.

Жастар жобасының тұсаукесері

Игілігі мол шараның қатысу­шылары форсайт-алаңда меце­нат­тар мен инвесторлардың сарап­­тамасы мен қолдауын қажет ете­тін өзекті «Start-up» жоба­лар­­дың тұсауын кесіп, жұмыс­т­ары­мен таныстырды. Дос­тық үйі­нің Атриум залында қол­өнер­­­ші­лердің, жас стартапшы­лар­­дың өнімдер көрмесі ұйым­дастырылды.

Шараға «Атамекен» кәсіпкер­лер палатасының өкілі Әсел Ата­баева, «Natige» және «220 VOLT» компаниясының құрылтайшысы Ерлан Әшім, Азаматтық баста­малар орталығының басшысы Наталья Красникова, «Рухани жаңғыру» кеңсесінің менеджері, «Pixel»жобалау студиясының жетекшісі Абай Отарбаев қаты­сып, бизнесті ашу және оны дамыту тәжірибесімен бөлісті, кәсіп­керлік саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары және жастар сая­саты туралы айтып берді. Сондай-ақ жалынды жастардың жаңа жобасына қолдау көрсетті.  Іс-шара «Жаңғыру жолы» РЖҚ ай­мақ­тық штабының өкілдері, этно­мәдени бірлестіктер, студент­тер, оқушылар, кәсіпкерлер және Қарағанды облысының бел­­сенді жастары үшін арнайы өт­кі­зіл­ген болатын. Шарада әрбір қа­тысушы халықты жаңа жо­ба­сымен таныстырып, алға қой­ған мақ­са­ттарымен бөлісті. Әр­бір қа­тысушыға жоба бойынша сұрақ­тар қойылып, кәсіптерінің сәт­ті және кем тұстарына назар аударылды.

Айта кетейік, жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын. Идеяларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынған 3 мыңға жуық авторға грант ұтып алу мүмкіндігі берілді. Мемлекеттік грантты ұтып алып, бүгінде өз кәсібін алға сүйреп жүргендердің бірі Айым Итбаева. Айым арнайы құрылғының көмегімен құс жұмыртқаларын бақылай оты­рып, балапандардың өсіп-же­тілуі­не жағдай жасайды. «Құс ша­руа­шылығымен айналысу ауыл­дық мекендерге өте ыңғайлы кәсіп. Гранттың арқасында біз ар­найы құрылғы сатып алдық. Ендігі кезекте 300-ге жуық құсқа қо­лайлы орта жасап, жем-суы­мен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта бұл кә­сіпті әрі қарай дөңгелетіп үл­кейт­кіміз келеді», дейді жас кәсіпкер.

Барлық қатысушылар­дың аса дайындықпен келгені бірден байқалды. Олар өз жос­пар­ларымен бейнеролик арқылы бөлісіп, таныстыр­ды. Сондай-ақ өздерін еліміздің белгілі кәсіпкерлері де қолдай­ды деп сенеді. Семинар соңын­да үздік стартап-жобалар жа­рия­ланып, барлық қатысушы­ларға сертификаттар таратылды. Биыл Жастар жылы болғандықтан, елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған жобалар кеңінен қол­ға алынуда. Сондықтан да бұл жоба жастарымызға өз идеяларын көпшілік алдында таныстыра отырып, кешенді қолдау табуына зор үлес қосады. Осындай жобалар жыл сайын өз жалғасын та­уып, тың жобалармен толығатын болады. Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды өңірінде облыстық Ассамблеяның ұйым­дас­тыруымен екі мәрте «Сарыар­қа жастары» форумы өткен болатын. Онда жастар өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынып, іріктелген үздіктері аталған шарада таныстырылды.

 

«Егемен-ақпарат»