Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Алматыда мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесі жасалады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік шаһардың тыныс-тіршілігінің бірыңғай базасын жасап, тұрғындарға ақпараттық жүйелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қаланы цифрландыру жетілдірілетін болады. Осыған орай арнайы брифингте Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев Алматы қаласының әкімі қойған тапсырманы жүзеге асырудың тетіктері жайында мәлім етті. 

Алматыда мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесі жасалады

Баян Қоңыровтың айтуынша, цифрландырудың тұрғындар өміріне белсенді енгізілуі өз кезегінде барлық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет сапасының деңгейін анықтауға да мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде қаладағы барлық нысандардың деңгейін анықтау бойынша арнайы алаң құрылған.  Оның барысында жол жөндеу қызметі, инфрақұрылымдық жүйелерді ретке келтіру, мектептер, бала бақшалар мен емханалардың шоғырлануы қадағаланады. Ендігі кезекте осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, саланың дамуындағы тұрғындардың үлесін арттыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Ендігі кезекте Цифрландыру басқармасында бірнеше бөлім жұмыс істейтін болады. Оның барысында студенттерді цифрландыру үдерісіне тарту мақсатында  техникалық университеттермен, салалық колледждермен байланыс жасалады.