Руханият • 03 Қазан, 2019

Алыс та жақын Алтынжар...

646 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алтынжар ауылына жақындағаннан-ақ көзге шалынатын бір әдемі көрініс бар. Ол – ұлы күйші Құрманғазының кесенесі. Биік төбені бұрын ел Шайтани батаға деп келіпті. Қазір Құрманғазы төбесі деп құрметпен атайды.

Алыс та жақын Алтынжар...

Ғұмырының соңғы жылдарын Астрахань же­ріндегі Сахма, Алтын­жар, Қызылжар бойында өткізген Құр­ман­ғазы Сағыр­байұлының мәңгілік тыныс тапқан мекені – осы. Ре­сейдің Астрахань облы­сындағы Алтынжар ауылында негізінен қазақтар тұрады. Атырау айма­ғымен шекаралас орнала­сқан­дықтан да болса керек, екі ел арасында алыс-беріс пен барыс-келіс жақсы жол­ға қойылған. 1996 жы­­лы күйші жерленген орын­ға кесене тұрғызылып, оның  ашылу салтанатына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қа­тыс­­қан болатын. 2005 жы­­лы мә­де­ни орталық ашылды. Елба­сының: «Құр­­­манғазы Сағыр­бай­ұлы атындағы кешен – көр­ші­лес екі елдің достығы мен мәдени байланысының та­ғы бір символы» деген сөзі музей қабырғасынан орын алған. Өткен жылы Атырау облысы әкімдігі мен жанашыр аза­мат­тар­дың қолдауымен осы ор­та­лыққа күрделі жөндеу жасалды. Аймақ бас­шысы Нұр­лан Ноғаев жақында Ал­­тынжарға барып, ке­шен жұ­мысымен танысып қайт­ты. «Құрманғазы» өңірлік мә­­дени орталығында қа­зір 40 қыз­меткер бар. Оның 25-і – домбыра­шы. Кешен жанынан «Са­­­­­­мал» қазақ музы­ка­лық ан­­самблі құрылған.

– Жыл сайын 1000-ға жу­ық қонақ келеді, – дей­ді ор­талықтың басшысы Аман­гелді Әбілғазиев. – Көпшілігін күйшінің өмірбаяны мен өмір сүр­ген кезеңіндегі қазақ­тар­дың тұрмыс-тір­­шілігі қы­­зық­тырады. Музейді де осы бағыттағы жә­­ді­гер­лермен то­лық­­­тыруға жұ­мыстанып жатырмыз.

Алыстағы Алтынжар  Құр­ман баба жатқан жер ретінде де көңілімізге жақын болып тұрады. «Ауылдың үл­кен-кішісі дерлік түгел дом­бырада ойнай біледі. Дом­­бы­ра­шылар мектебі, ан­самблі бар», – дейді мәдени орта­лықтың басшысы. Осы­ның өзі уақыт парағы қан­ша ауысса да, өнердің мәр­тебесі әрқашан биік еке­нін аңғартса керек.

 АТЫРАУ