Спорт • 03 Қазан, 2019

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін қайдан көруге болады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» РТРК» АҚ Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін көрсету құқығына ие болды. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады.

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін қайдан көруге болады

5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. 

Әйгілі «Madison Square Garden» алаңында өтетін бокс кешінде қарсыластар IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы титулына таласатын болады. 

Сондай-ақ аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеске (20-7-2, 7 КО) қарсы қолғап түйістіреді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесулерін көрсету құқығына ие болды. Жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-ден басталады. 

Сонымен қатар, телерадиокорпорация қазақстандық көрермендерге кездесулерді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, «QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы онлайн тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Бұл кездесу Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Алғашқы кездесуде ол канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын.