Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов елордадағы мектеп ауласына ағаш отырғызды

473 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде «Эко сағат» республикалық акциясы басталды. Елорда мектептерінің аумағында 2,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. «Эко сағат» республикалық акциясына министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері, оқушылар, мұғалімдер және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов елордадағы мектеп ауласына ағаш отырғызды

Акцияға 6 мыңнан астам адам қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев пен елорда әкімі А.Көлгінов №76 мектеп оқушыларымен кездесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажет екендігін айтып, оқушылармен бірге ағаш отырғызды.

Вице-премьер Б.Сапарбаев оқушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, сондай-ақ білім мен еңбекқорлыққа ұмтылуға шақырды.

«6 қазан-қоршаған ортаны қорғау күні. Мерекеге орай үкімет әкімдіктермен бірлесе отырып, Қазақстанның барлық мектептерінде эко-сағаттар өткізді. Акция 7 мың мектепті қамтиды. Оған 3 млн-нан астам оқушы қатысады. Табиғатты қорғау өте маңызды. Дәстүр бойынша біздің халқымыз ағашты барлық жерлерде отырғызған.», - деп атап өтті ол.

Елорда әкімі А.Көлгінов жазда Қазақстан Республикасының Президенті #Birge #TazaQazaqstan эко-челлендж қозғалысын қолдады, «студенттер мен жастардың белсенді қатысқаны аса қуантты»деп атап өтті. Жазда су қоймалары, өзендер мен көлдердің жағалаулары қоқыстан тазартылды. «Елбасы елорданы көшірген кезде, жасыл белдеу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Қазіргі таңда қала орманмен қоршалған, бұл үлкен еңбек. Орман-біздің қаламыздың өкпесі. Экологияның жақсы күйде болуы, үйдің таза тұруы тек өзімізге ғана байланысты. Біз отырғызатын ағаштарға күтім жасап, суару керек. Бірнеше жылдан кейін бұл ағаштар өсіп, жайлы өмір сүруімізге септігін тигезін болады. Ал сіздер осы ағаштарды отырғызғандарыңызды мақтан тұтатын боласыздар», - деді А.Көлгінов.

16 қыркүйектен 13 қазанға дейін елорданы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық жарияланды.