Тақырып төңірегінде Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев 2019 жылға арналған республикалық бюджетінің нақтылау шенберінде Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін сақтала отырып, түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге өсіп, 10,7 трлн теңгені құрайтынын атап өтті.
Вице-министр атап өткендей, шығыстар 95 млрд теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің шығыстар көлемі 12 трлн теңгеден асады. Осылайша, түсімдер 10,7 трлн теңгені, шығыстар 12 трлн теңгені, тапшылық 1,4 трлн теңгені құрап отыр.
Одан кейін баяндама жасаған Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша түсімдер – 10 триллион 663,5 миллиард теңге, шығыстар – 12 триллион 28,1 миллиард теңге, тапшылық – 1 триллион 364,6 миллиард теңге көлеінде қалыптасып, ағымдағы жылдың 9 айындағы атқару қорытындылары бойынша бюджет түсімдері 94,9 миллиард теңгеге ұлғайған .
Аталған Заңға үкіметтік түзетулерді талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Мұрат Теміржанов, Рау Альберт, Сапар Ахметов, Артур Платонов, Дания Еспаева, Жексенбай Дүйсебаев басқа да бірқатар халық қалаулылары заң жобасындағы кемшін тұстарға баса назар аударып, әсіресе, ауыл шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарды алға тартты.
Барлық ұсыныс, пікірлер одан әрі Қожахан Көкірекбаев жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында талқыланатын болады.