Президент • 03 Қазан, 2019

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен кездесті

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Омскіде өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқылады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен кездесті

«Сочиде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткіздім. Екіжақты қатынастарымыздың күн тәртібіндегі мәселелерді және Омскіде өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқыладық. Стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастығымыз нығая беретініне кәміл сенемін», деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.