Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Елордада азаматтардың арасында темекі өнімдерін пайдалану туралы сауалнама жүріп жатыр

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сатистика комитетінің Ақпараттық-есепке алу ортылығының мамандары  30 қарашаға дейін Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындар арасында темекі өнімдерін қолдану туралы сауалнама жүргізеді. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада азаматтардың арасында темекі өнімдерін пайдалану туралы сауалнама жүріп жатыр

АЕО қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үй шаруашылығының (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады.

АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері бар. Айта кетейік, бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды.

Сауалнама нәтижелері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланылатын болады.

Қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтандағы 8 (7172)55-24-34 телефон арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар