Үкімет • 05 Қазан, 2019

Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті

30 реткөрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында белсенді жастармен кездесті. Басқосу Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында өтті. Жастар вице-премьерге өздерінің алғашқы табыстары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

«Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Әрбір адам оның болашағы жақсы болғанын армандайды. Біздің мақсатымыз - жастарға даму үшін жағдай жасау. Жастар жылы, алдағы Еріктілер жылы және Президенттік кадрлық резервке қабылдау - бұл қадамдардың барлығы елімізде жастар өздерінің мақсаттарын жүзеге асырып, бақытты бола алатынын айтады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Қазақстанда Жастар жылында 89 ірі іс-шара жүзеге асырылып жатыр, тұрғын үй проблемасын шешу бойынша да шаралар әзірленді, жас кәсіпкерлер де қолдауға ие болған. Кездесуге студенттер, жас кәсіпкерлер, жұмысшылар, спортшылар, еріктілер жиналды. Жас кәсіпкер Біржан Иманов, «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы Александр Концевич бизнестегі алғашқы қадамдары туралы айтып берді.  

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір жұртшылығымен кездесті. Вице-премьер «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ел Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Кездесуге сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қатысты.

«Қоғамдық келісім болған кезде оң нәтиже де, әл-ауқат та, гүлдену де болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге үлкен назар аударады. Бұл мемлекет пен қоғамның арасындағы диалогқа қатысты. Мұнда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту керек. Ел Үкіметі екі тұжырымдаманы әзірлеуде: «тыңдаушы мемлекет» және азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін дайын болуы тиіс. Бұл құжаттарда Ашық үкімет және халықпен тиімді кері байланыс мәселелері қозғалады. Азаматтардың бірде-бір өтініші, бірде-бір шағымы жауапсыз қалмауы керек», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев

Вице-премьер қоғамдық кеңестердің қызметін күшейту қажеттігін атап өтті. Дарынды балаларды қолдау картасы, балалар мүддесін қорғайтын 2030 жылға дейінгі ҚР мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы әзірленетін болады. 2019 жылдың соңына дейін жинақтардың кірістілігін арттыру мақсатында зейнетақы активтерін инвестициялау тәсілдерін қайта қарау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Г. Головкин атындағы қарағандылық спорт кешенінде болды. Онда жас спортшылар GGG қолдау мақсатында флешмоб өткізді. 6 қазанда Нью-Йорктің белгілі аренасында әлемге әйгілі қарағандылық Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Былғары қолғап шеберлерінің шайқасында бәйгеге IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы тігілді.

Вице-премьер спорт кешенінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, жерлесіміз Қазақстанның даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жеңіске жетуін тіледі. Ал жас спортшылардың ата-аналарына балалардың дене шынықтырудағы жетістіктері мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуін тіледі.

«Біз оған барынша қолдау көрсетеміз, сәттілік пен жеңіс тілейміз. Геннадий тағы да әлемнің үздік боксшыларының бірі екенін дәлелдеуі тиіс. Балаларыңыздың спортпен айналысатыны қуантады. Егер олар спортқа, өнерге тартылса, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысса, онда дені сау, тәрбиелі, білімді болады, ең бастысы – құқық бұзушылық әрекеттерге бармайды. Бізде көптеген спорттық және мәдени нысандар бар. Оларды барынша пайдалану керек, жастарды салауатты өмір салтына жаппай жұмылдыру керек. Ал ата-аналар бұған ықпал етуі тиіс», - деді Б. Сапарбаев жас қарағандылықтардың ата-аналарымен кездесуі барысында.

Вице-премьер ауыр атлетика, күрес, баскетбол залдарын және жүзу бассейнін аралап көрді. 

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар