Қазақстан • 06 Қазан, 2019

Елбасы Геннадий Головкинді құттықтап, жеделхат жолдады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша бокстан Әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетуімен құттықтады деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

Елбасы Геннадий Головкинді құттықтап, жеделхат жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті.

«Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр. Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін» делінген жеделхатта. 

Соңғы жаңалықтар