06 Қазан, 2019

Өзбекстан Президенті Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады.

Өзбекстан Президенті Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады

Өзбек басшысы Өзбекстанның толыққанды мүше ретінде Түркі кеңесіне қосылуы туралы тарихи шешімнің маңыздылығын атап өтті және ресми сапармен алғаш келген Бас хатшыны Ташкентке жылы шыраймен қарсы алды. Сондай-ақ Президент бұл шешім Өзбекстанның ұлттық мүдделеріне жауап беретіндігіне және елдің барлық саладағы бауырлас түркі тілдес мемлекеттермен жемісті және көпжақты ынтымақтастығының нақты әлеуетін ашуға оң әсер ететініне сенім білдірді.

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның қазіргі кезеңдегі даму көзқарасымен бөлісті және күшті мемлекеттік институттар, тұрақты нарықтық экономикасы және халықтың өмір сүру деңгейі жоғары заманауи Өзбекстанды құруға бағытталған ішкі реформалар туралы айтты.
Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Өзбекстанның Кеңес қызметіне белсенді қатысуы Түркі Кеңесі аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар, түркітілдес мемлекеттердің бірлескен әлеуетін айтарлықтай нығайтатынын атап өтті.
Б. Әміреев Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевтің басшылығымен қазіргі Өзбекстанды реформалауда үлкен табыстарға қол жеткізгенін атап өтті және экономиканы ырықтандыру, елдегі бизнес-ортаны және инвестициялық ахуалды жақсарту ісіндегі кең ауқымды өзгерістердің нәтижелері байқалып отырғанын атап өтті.
Президентті шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бакудегі алдағы 7-саммитке дайындық барысы туралы хабардар ете отырып, Түркі Кеңесінің Бас хатшысы экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту алдағы жылдардағы ұйым қызметінде басты басымдық болатынын атап өтті. Осыған байланысты ол Президентті жақында құрылған Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы (ТПП), мүше мемлекеттердегі шағын және орта кәсіпорындарды (ШОК) қолдау үшін инвестициялық қор құру жөніндегі күш-жігер, сондай-ақ, осы күндері Ташкентте өтіп жатқан Түркі Іскерлік кеңесі мен инвестициялық форумның жұмыс барысы туралы хабардар етті.

Б. Әміреев Ш. Мирзиеевке Будапештте Еуропалық офис-Түркі Кеңесінің өкілдігі ашылғаны туралы, сондай-ақ, TurkPA, TURKSOY, Түркі академиясы және Түркі мұрасы мәдениет қоры сияқты кеңестің аффилирленген ұйымдарының қызметі туралы хабарлады.
Түркі Кеңесінің тиімді өңірлік құрылым ретіндегі зор әлеуетін атап өтіп, Президент Ш Мирзиеев пен Бас хатшы Б. Әміреев мүше мемлекеттер арасындағы, әсіресе, сауда, инвестиция, инновация, көлік, туризм және жастар саясаты сияқты басым салаларда көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайтынын айтты. 
Тараптар Өзбекстанның қосылуы мүше елдер арасындағы достық пен бауырластықтың тарихи қарым-қатынастарын айтарлықтай байытатынына сенім білдірді.