Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

«Құрметті достар!

Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет. Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағдымен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр.

Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқ­у­шы­ларға, қазір оқып жатқан оқу­шыларға да, мектеп түлектері­не де өз ұстаздарына ризашы­лығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін!

Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуант­сын!», делінген құттықтауда.