Қоғам • 08 Қазан, 2019

Шымкент тұрғыны салыққа 7,5 млн теңге берешек

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар бойынша ең көп қарызы бар азаматтардың тағы бір тізімін жариялады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкент тұрғыны салыққа 7,5 млн теңге берешек

ТОП-100 тізімін Шымкент қаласының тұрғыны бастап отыр. Мұрат Матиевтің көлігіне салынатын салық (БСК 104402) бойынша мемлекетке 7,5 млн теңгеге жуық берешегі бар.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Олжас Юсупов мүлік салығы (БСК 104102) бойынша 2,5 млн теңге қарыз жинап үлгерген.

Жер салығы бойынша (БСК 104302) 4 млн теңге қарызы бар азаматша да елордада тұрады. Жанна Аубакированың салық бойынша негізгі қарызы 1,5 млн теңгені құрап отыр. Қалған 2,35 млн теңге – есептелген өсімпұл.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың жалпы тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында сілтеме бойынша тексере алады.