Қазақстан • 09 Қазан, 2019

Елордада ЕҚЫҰ-ның Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелі өтіп жатыр

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелі өтіп жатыр.

Елордада ЕҚЫҰ-ның Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелі өтіп жатыр

«Биыл жыл басында Қазақстан «Жусан» арнайы операциясын жүргізді. «Жусан» операциясы – Қазақстанның осындай проблемаға тап болған адамдардың үйі екенін көрсетті. Операция барысында елге 600-ге тарта адам қайтарылса, оның 406-сы бала. Олардың бәрі оңалту шараларынан сәтті өтіп, қазақстандық қоғамға бейімделді. Қазіргі уақытта Ирактан тағы 14 баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың аналары сол жақта өмір бойы бас бостандығынан айырылған» деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді отырыс барысында.

Министрдің айтуынша, Қазақстан гуманитарлық акцияларды жүргізіп жатқан әлемдегі санаулы елдердің бірі.

Сондай-ақ министр өз сөзінде Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.