Саясат • 09 Қазан, 2019

Елбасы Алик Шпекбаевты қабылдады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Алик Шпекбаевты қабылдады

- Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың осы түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттігіне назар аударды.

- Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет. Заң бұзылған жағдайда азаматтар уақтылы хабарлауға тиіс, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек, - деді Елбасы.

Кездесу барысында А.Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.