Күздің романтикасы – сарғайған жапырақ. Қалың жапырақты қаудырлата кешіп, саябақта серуендеу жанға сая. Күз мезгілінде сенбілік сайын жиналып, көше сыпырып, үйілген қоқыстармен бірге жапырақтарды жинауға, өртеуге асығатынымыз рас. Бірақ осы тұста ойланатын бір жайт бар. Қала мен ауыл тазалығына үлес қосқымыз келсе де алдымен табиғат сыйына тәлімдік-танымдық тұрғыдан мән беру қажет секілді.

Мәселен, биолог ғалым Қанат Ақылбеков жиналған жапырақты өртеудің мүлде дұрыс еместігін айтады. Өйткені барлық жиналған қоқыспен бірге өртеген кезде күздің бықсыған ылғалды жапырағының түтіні ауаны ластайды, атмосферадағы оттегі мөлшерін азайтады. Ал керісінше өртемей жерге көметін болсақ, жапырақ топырақпен араласып, қарашірікке, яғни тыңайтқышқа айналады.
– Сенбі күні біз сынып жетекшісімен, басқа да сынып оқушыларымен бірге сенбілікке шықтық. Ағаштардың жапырақтары түсе бастапты. Сол түскен жапырақтарды сыпырып, аз-аздап жағып үйге қайттық. Осылайша сенбілікте қоршаған орта тазалығына үлес қостық, – деді таяуда көрші бала қуанып. Ойланып қалдық. Бала кезімізде ауыл үлкендері жапырақ жағуға тыйым салатын. «Жапырақ жаққан жақсы емес» деп отырушы еді қариялар. Бұл іс-әрекеттің мектеп оқушыларын экологиялық тәрбиеге баулуында еш мәні жоқ.
Ал қазір жапырақтар қалайша күл-қоқыс қатарына қосылып кеткеніне таңғаласың. Біздіңше, мектептегі биология пәнінің мұғалімдері жапырақ жинауға, өртеуге алдымен қарсы тұрулары керек еді. Биолог ғалым айтқандай, ағаштың бойындағы органикалық пайдалы элементтер жапыраққа жиналады, сол элементтер жерге түскен жапырақтың шіруі арқылы ағаш тамырына қайта сіңеді. Қыс келгенше жапырақтар жерге түсіп, ағаштың тамырын жабады. Сөйтіп қыста ағаш діңін суық пен аяздан қорғайды.
Сенбілік демекші, жыл сайын елімізде көктем, күз айларында ауылдар мен қалаларда жаппай сенбіліктер өтеді. Қоршаған ортаны қорғау, өзіміз өмір сүріп жатқан айналаның тазалығында екені белгілі. Бірақ бұл сенбіліктердің дақпырты көп-ақ. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да «сенбілікте тонналаған қоқыс, жапырақ жиналып, қала сыртына шығарылды, өртелді» деген хабарлар тарайды. Жалпы, жапырақты өртеген дұрыс па? Үлкендер «жапырақты жерге көміп тастау керек, өртеген зиян, ауаға у жайылады» деп отыратын.
Мұқағалидың ел ішінде танымал әнге айналған «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымды айырбастайын» деген жырына арқау болған, нәзіктік пен лиризмнің символына айналған жапыраққа оң көзқарас қажет ендеше.
Қанат Ақылбеков жапырақ өсімдіктің маңызды мүшесі екенін, оған қажетті ылғал мен еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келетінін, ал жапырақ арқылы өсімдік тыныс алатынын айтады. «Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады. Буланған жапырақ өсімдікті де, ауаны да салқындатып тұрады. Күн көзінің жарығы мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал түзіледі. Жапырақ өсімдіккке сән беріп тұрады. Жапырақ өсімдікке сағақ арқылы бекиді. Ең бастысы, газ алмастыру қызметін атқарады, яғни оттегіні шығарып, көмірқышқыл газын сіңіреді. Жасыл бояу – хлорофилл», деп түсіндіреді биолог ғалым.
Бүгінде экологтар да жапырақты өртеуге болмайтынын, оның денсаулыққа зиян екенін дәлелдеп, дабыл қағуда. Сонымен қатар ағаштар қорексіз қалады. Оның үстіне от жанған жерде топырақтың беткі қабаты күйіп кетеді, ештеңе өспейді. Сондықтан бақтарда, саябақтар мен скверлерде жапырақты жинамай-ақ қойған абзал. Керісінше жаяу жүргінші жолынан, көше бойынан жинап алып, ағаштардың түбіне апарып тастайтын экологиялық жанашырлық мәдениет қалыптастыру керек. Ғалымдардың айтуынша, жапырақ – топыраққа түсуге тиіс қоректік зат. Көктемде бүршік жарған кезде ағаштар топырақтан қоректік заттар алады. Күзде ол заттар қайтадан топыраққа түсуі керек, сонда ғана көктемде биологиялық цикл қайталанады. Ал біз қайтеміз? Яғни жапырақ сарғайып жерге түскенімен, әрі қарай да ағашпен байланысы үзілмейтінінен бейхабар екенбіз.
– Сондықтан жапырақты жинап, өртеп жүргеніміз – экожүйені «сенбілік» деген шарамен біржақты түсініп, экологиялық тепе-теңдікке қиянат жасағанмен тең, – дейді эколог А.Сафонов. – Сол себепті сенбілік кезінде жапырақты ағаш түбіне үйіп, пайдалы элементтерді бойына сіңіруіне жағдай жасайық. Өртемейік. Ағаштардың түбі жиі қопсытылып, су, ауа өту үшін жұмсарту жұмыстары жүргізілуі керек. Сонда ғана біз ағашқа жасыл өмір сыйлаймыз.
Көзі қарақты оқырманның есінде болса, бұрын Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып жүргенде Асылжан Мамытбеков Алматы қаласында болған дауылдан құлаған ағаштарды жинап, тазартылған жерлерге ағаш өсіру туралы бастама көтерушілерге «Құлаған ағаштарды жинаудың қажеті жоқ. Қоршаған ортада қалыптасқан жағдай бойынша дауылдан құлаған ағаштар табиғи үрдіс бойынша сол жерде жатып, шіриді. Топыраққа тыңайтқыш болады» деп пікір білдірген-ді. Ведомство басшысының бұл сөзін қоғам белсенділері аса қабылдай қоймаған. Қазір ойлап қарасақ аталған пікірдің жөні бар сияқты.
Жуырда жергілікті университеттің профессоры Амангелді Қарманов тонналап жиналған жапырақтардан отын брикеттерін жасайтындары жайлы хабарлады. Осы орайда сенбілік кезінде атқарылатын кейбір шаралардың табиғаттың жалпы биологиялық заңдылығына қайшы келетінін әкімдіктерге ескерту қажет сияқты. Қала мен аудандар, облыс басшылары өздері өткізген сенбіліктердің табиғатпен үйлесімділігі қандай екеніне, қоршаған ортаға зиян тигізіп жатпағанына бір сәт көңіл бөлгені жөн.
Негізі, елімізде үйілген жапырақты өртегені үшін жеке тұлғаларға 11 345 теңгеге дейін, ал лауазымды, заңды тұлғаларға, шағын және орта кәсіпорын иелері мен үкіметтік емес ұйымдарға – 68 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал ірі кәсіпкерлік субъектісі болып отырған заңды тұлғалар 227 мың теңгеге дейін төлейді. Мұндай да заң талаптары бар екенін ескерейік. Еліміздің «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 38-ші бабында «Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті» делінген. Сонымен бірге біз еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырып келе жатқанымызды да ұмытуға тиіс емеспіз.
Яғни, коммуналдық шаруашылық мекемелерінің өкілдерімен бірге әр мекеменің қызметкерлері де жасыл желекті мейлінше сақтау мен аялауға, тіпті жапырақпен бірге қарды да ылғал жеткілікті болуы үшін жас өскін түбінде жинауға құмбыл болуы қажет.
Павлодар облысы
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар