Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында желдің күші екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында-шаңды дауыл күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейеді, күші - 18 м/с. Сондай-ақ Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.