Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлімдеді.
«Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі Қылмыстық кодекске сәйкес, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Мемлекеттік мекемеден қызмет алғаны үшін, қызметшіге пара бермеу керектігін әрбір азамат білуі тиіс. Ал қызмет беруші пара талап етсе, ол жағдайда Агенттіктің 1424 колл орталығына хабарлау керек», – деді Ғ. Асанұлы.
Облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 505 мыңнан астам адамды қамтыған 2 537 іс-шара ұйымдастырылған. Соның ішінде 1908-і – білім беру ұйымдарындағы бірыңғай сағаттар. Бүгінде облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің электронды түрдегі үлесі 88%-ды құрап отыр. Алайда, өткізіліп жатқан шараларға қарамастан, азаматтар арасында пара ұсыну деректері әлі де кездесуде.
Ғанижан Асанұлының айтуынша, кейбір азаматтар департамент қызметкерлеріне береміз деген сылтаумен мекеменің қызметкерлерінен ақша жинайды екен. Сондай-ақ, брифинг барысында облыстағы барлық мемлекеттік органдар қамтылған #Параберме челенджінің киелі өңірде бастау алғандығын айтып, оған барша азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырды.
Түркістан облысы