Қоғам • 11 Қазан, 2019

Негізгі спикер ретінде сөйледі

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның Одесса қаласында мемлекеттік басқарудағы HR-ға арналған «Odesa.Richelieu.Forum 2019» өтті.

Негізгі спикер ретінде сөйледі

Форум адами ресурстарды басқару (HRM) және жеке сектордағы HR-технологияларын мемлекеттік қызметке енгізу мүмкіндігі бойынша білім алмасуға, заманауи үрдістер мен үздік тәжірибелерді зерделеуге арналған алаңға айналды.

Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов «Жұмыс берушінің брендингі, мәдениет және мемлекеттік қызметке қатысты болу» атты панельдік сессияда негізгі спикер ретінде сөйледі.

Өз сөзінде Ә.Байменов мемлекеттік қызметтің әлеуетін пайдалануға ықпал ететін көш­басшылықтың, корпоративтік мәдениеттің рөлі маңызды екенін атап өтті. Қызметкерлердің қадір-қасиеті мен уақытына құрметпен қарау басшылар үшін қалыпты жағдайға айналуы керек, деді ол.

Осы жылы форум әлемнің 150-ден астам қатысушыларын, оның ішінде Еуроодақ, Эконо­микалық ынтымақтастық және даму ұйымынан және басқа аймақтардан біріктірді.

Форум барысында интерак­тивті пікірсайыстар мен шеберлік-сабақтары өтті.